43. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. 1550 жылдардың басында Қасым ханның ұлы, Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығы қайта өрлей бастады. Аласапыран жылдары Хақназар билік үшін күреске қатысуға тым жас болған еді.1549 жылы ол түркмендермен болған шайқаста көзге түсті.1555 жылы моңғолдардың қазақтар мен қырғыздардың қыстауларына жасағаншапқыншылығын қайтара отырып, моіғол ханның баласын жеңді.Баласы үшін кек алу мақсатында моңғол ханы Хақназарға таңдаулы әскерін жіберіп оны жеңіліске ұшратты. Бірақ Хақназар өз күшін жылдам қалпына келтірді. Хақназар ханның билік жүргізуі отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл уақытты мемлекет өмірінде өрлеу байқалды.Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қайта біріктірді. Хақназар қазақ, қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Хақназардың хандығы шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрттар аймағына дейін созылып жатты. 1563 жылы Қазақ хандығының күшеюінен қатты қорққан сібірлік Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Осындай қиын уақытта Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауренахрдағы шайбанилық, Бұхара ханы Абдаллах және қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып,өзара көмектесу жөнінде» одақтық келісімшарт жасасты. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы күшейе түсті. Хақназар хан Бұхара ханы Абдаллах ташкенттік Баба сұлтанға қарсы күресте қолдап, соңғыны өлтіруге әрекеттер жасады. Осыны сезген және бұрыннан өшіккен Баба сұлтан жедел қимылдап, Хақназар ханның жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін де өлтірді. Хақнызар хан қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихындаХақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Жәнібекұлы Қасым хан қазақ мемлекетінің туын биікке көтеріп, әлемге танытса, оның қлы Хақназар хан сол ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысында хандықтың жығылған туын қайта көтеріп, қазақтың басын біріктірген тұлға ретінде тарихта қалды. Қазақ тарихын аоғаш зерттеушілер Хақназарды хандық тарихындағы «қайта өрлеудің » басты тұлғасы деп бағалайды. 44. Шығай хан.Тәуекел хан, оның саясаты. Хақназар хан қаза болғвн соң орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582жылдары хан болды. Ол бұл кезде 80 жастаболғанмен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта өте аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол шайбани мұрагерлнрінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды. Шығай хан өмірінің сұлтандық кезеңі жөнінде Қадырғали Жалайырға сүйенсек, ол былай деп баяндайды «Шығай ханның хикаясы әрқашан оның батырлығы мен мәлім, танымал болды». Осы бір сөйлемнің өзі бізді бізді Шығай ханның жас шағындағы жеке болмысынан хабардар ете алады. Шығай сұлтан батыстағы ноғай мырзаларымен, Мауренахрдағы шайбанилық сұлтандармен және Шығыс Түркістандағы шағатайлық сұлтандармен болған сансыз шайқастардың бел ортасында жүріп, жас сұлтан ретінде батырлығымен, батылдығымен көзге түскен. Жоғарыда айтып өткеніміздей, сыртқы жаулармен болған көптеген шайқас пен ұрыста жетпіске жуық хан мен сұлтан қаза тапса, Шығай осылардың бәрінен аман қалып отырды.Бүкіл Дешті қыпшаққа сол жылдары атақ даңқы осыдан таралып кетсе керек. 1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы, Тәуекел Сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтаға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті қыпшақ даласына қашады, өзбек қазақ әскерлері Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауып жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді. 1582жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел хан отырады. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдаллахпен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта басталды. Тәуекел 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Бірақ бұл жорығы сәтсіз аяқталады. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келіп, орыс патшасының жауап грамотасын тапсырды. Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанмен, Тәуекел хан Орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынасын үзген жоқ. Нәтижесәнде екі мемлекет арасыда сауда байланыстары жанданда. Бұд кезден ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзән «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. Тәуекел соңғы рет Бқхараны қоршау кезінде ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп, дүние салды. 45.XVIIғ. және XVIIIғ басындағы Қазақ хандығы. XVIIғасырдың басында ішкі тартыстардың салдарынан Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі-Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауын тоқтатты. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарда. «Есім ханның ескі жолы» атты заң күшейді. Көрші мемлекеттер мен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі Есім хан1628 жылдың күзінде қайтыс болды.1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығының бастықарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя» Жоңғар хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті.1643жылы Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол астындағы 600 сарбазбен жоғғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. Тәуке ханның билікке келуі Қазақ мемлекетінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды.XVII ғасыр аяғында Тәуке ханның тұсында мемлекеттілікті күшейту мақсатында «Жеті жарғы»-Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 жылы. Қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз хана пайда болды. Тәуке хан билік еткен жылдары Қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралық алауыздық азайды. Қазақтыің әскери жасақтарының жауынгерлік қабілеті күшейді.Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады; «Ол оларды тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді»