1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігітуралы Декларация



бет75/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

95. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігітуралы Декларация.
95) Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды. Декларацияда сонымен қатар бірінші рет конституциялық маңыздағы шешуші мемлекеттік-құқықтық нормалар анықталды:
– Конституцияның және Қазақ КСР аумағында Қазақ КСР заңдарының үстемдік құру қағидаттары (8 бап);
– Қазақ КСР аумағында бар және республика егемендігінің негізін құрайтын ұлттық байлығына республиканың дербес меншіктік қағидаты ( 9 бап);
– Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастарда өз бетінше субъект ретінде сөйлеу және ішкі саясатын өз мүддесіне қарай өз бетінше анықтау құқығы (14 бап)
Декларацияда Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің барлық атрибуттары белгіленді: жеке аумағы мен азаматтығы, азаматтық және ұлттық тең құқылығы, республика ішінде мемлекеттік биліктің үстемдік құруы, толықтығы, ұлттық Конституция мен заңдардың үстемдік құруы, меншік формаларының сан алуандығы, жеке мемлекеттік бюджет және қаржылық-несиелік жүйе, ішкі жеке әскердің болуына құқығы, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары, халықаралық қатынастарда өзіндік субъект ретіндегі құқығы, сонымен қатар мемлекеттік егемендіктің белгілері – елтаңба, ту және әнұранының болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет