84.Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.
85.Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” жолдауы. Бұл мақала осыдан бір жыл бұрын жарық көрген “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру “ бағдарламасының жалғасы болып табылады.Мақаланың бірінші тармағында:
1.Атқа міну мәдениеті;
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия;
3.Аң стилі;
4.Алтын адам;
5.Түркі әлемнің бесігі;
6.Ұлы Жібек жолы;
7.Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны.
Ал, екінші тармағында:
Архив- 2025,
2.Ұлы даланың ұлы есімдері;
3.Түркі әлемнің генезисі;
4.Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі;
5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;
6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі,- бастау алған.