1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі



бет23/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

35. XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі.
XVIII - XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ қоғамында батырлардың әлеуметтік, әрі саяси ықпалы күшті болды. Түркі-монғол сөздігінде "батыр", "баһадур" сөзі шайқас алдында жаумен жекпе-жекпе шығушы батыл адамға қатысты айтылды. XIX ғасырда бұл сөз орыс тіліне еніп жергілікті оңтүстік славяндық "храбр", яғни "войтел" сөзін ығыстырып шығады. Шыңғысхан заманынан бері "баһадур" термині түркі-монғол тайпаларының әскери басшы тобына титул ретінде беріліп отырған. Осы мағынада Әбілқайыр хандығындағы көптеген баһадурлар жәйлі Масуд бен Усман Кухистани (1590 ж. қайтыс болды), Камал ад-дин Бинай және басқа да шығыс авторлары шығармаларында айтылған. Жеке ерлігі үшін немесе жаумен шайқаста әскерді дұрыс басқарғаны үшін бұл титул хан мен сұлтандарға құрметті атақ ретінде де беріліп отырған. XVIII ғ. бұл атаққа Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Абылай және басқа да хандар ие болған. Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазақ батырлары әскери жасақтардың қолбасшысы болумен қатар, қазақ қоғамындағы ауқатты топтардың қатарында саналған. Қазан төңкерісіне дейінгі авторлардың мәліметтерінде қазақ батырларының көпшілігі ру старшындары ролін атқарып, көшпенділердің саяси құрылымында маңызды орын алған. Жоғары билік орындары батырларды көрші мемлекеттердің билеушілерімен қарым-қатынастарында елшілік сипатындағы жауапты істерді тапсырумен қатар, хандардың билер мен ру старшындарымен қарым-қатынасының шиеленіскен тұстарында да орынды пайдаланып отырған. XVIII ғ. I -ші жартысы мен XIX ғ. ортасындағы ұлт — азаттық күрес барысындағы айтулы оқиғалар көптеген әскери қолбасшыларымыз бен батырларымыздың есімдерімен тығыз байланысты. Батырлар өз руластарынан құрылған топтарды, әскерді басқарып қана қоймай, әскери іс қимылда ғана емес, сондай-ақ, сол кездердегі көшпенділердің әлеуметтік-саяси өмірін басқаруға да араласқан.
36. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы.
Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақынжыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында сақталып бүгінгі күнге жетті. ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жӛнінде былай дейді: «Ауызша тарих түбегейлі өзгерістердің құралы болмауы мүмкін, алайда бәрі оның қолданылуына байланысты. Соған қарамастан, ауызша тарих тарихтың мәні мен маңызын, сонымен бірге мақсатын да өзгертуі мүмкін» – деп жазады. Қазақ қоғамында кеңестік билік орнағанға дейін ауызша тарих айту дәстүрі білімдік мәнге ие болып, өткен дәуір кезеңдерінен мәлімет беретін топонимикалық, этноәлеуметтік және танымдық (көрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы) дерек көзі міндетін атқарды. Оның жазба деректерден өзгешелігі сонда – күнделікті өмірдегі болған істі көзімен көрген адамдардың баяндауы. «Даланың ауызша тарихы» ұғымы бірінші рет Өтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбеті – Рашид-ад дин, Мұхамед Хайдар Дулати, Әбілғазы Баһадүрхан, Қадырғали Жалайыр, Құрбанғали Халид, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан және басқа да түркі-қазақ ғұламалары еңбектерінде жан-жақты көрінген. ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А.Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ.Кемеңгеров, Т. Шонанов және өткен ғасыр ортасында тарих ғылымында өшпес із қалдырған Е.Бекмаханов ауызша тарих деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланды. Ауызша тарих айту – дәуір оқиғалары туралы әркімнің жеке танымын, басынан өткізген оқиға туралы түсінігін береді. Сондықтан оның субъективтілігі ескерілуі тиіс. Ауызша тарихты алуда қолданылатын сұхбаттасу әдісі, яғни «тарихи сұхбат» - жекелеген адамдардың өмірде көрген-білген білімдерінің субъективті жиынтығы, объективтіліктің болмауы ауызша деректің бөлінбейтін бөлшегі, оның өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Мынаны айта кеткен орынды кеңестік кезеңде жасалған жазба деректердің өзіне де сын көзімен қараған дұрыс, онда мемлекеттік басқару аппаратында отырған белгілі бір топтың мүддесі ескеріліп жасалған деректер де баршылық. Осы кезеңді қамтитын ауызша деректердің бір артықшылығы адамдардың өз тарихын, күнделікті өмірін, менталитетін баяндай отырып тарих ақтаңдақтарының орынын толықтыруға мүмкіндік беретінінде, яғни «тарих теориясының биігінен ... жерге түсу, оның (тарих теориясының) негізі қарапайым адамдар өміріне оралу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет