1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы



бет2/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Тарих сессия

3. Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы.
Қазақстанда б.з.д 1 мыңдылдықтың бас кезінде күрделі өзгерістер орын алды. Бұл кезең адамдардың темірді қолдануымен ерешеленеді. Адамдар темірді алғаш өндіріп, шаруашылықта қолдана бастаған кезеңді тарихта темір дәуірі деп атайды. Темір – өте төзімді, мықты металл. Темір табиғатта таза күйінде кездеседі Алғаш рет адамдар кен тасын отқа тастағанда,оның балқып ерігенін байқаған. Адамдар темірді балқыту үшін пеш-көріктерді пайдаланған. Пештің ішіне отын салып,үстіне қайтадан отын үйіп,оны кен тасымен қайта жапқан. Осыдан кейін төменгі қабаттан от тұтатып, көрікпен ауа үрлеген. Оттан алынған қып-қызыл темірді төске қойып,балғамен соққан.
4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті
Адамзат мыс пен тасты қатар пайдаланған кезең энеолит деп аталады.Қазақстаннан энеолит кезеңіне жататын тұрақтар көптеп табылған. Соның бірі – Ботай қонысы. Солт Қазақстанда 1980 жылы табылған бұл қоныс б.з.д 3 мыңжылдыққа жатады. Қонысты 20 жылдай археолог В.Ф.Зайберт зерттеген. Оның экспедициясы Ботайдан шамамен 70мың жылқының сүйегін тапты.Ботайлықтар қайтыс болған адамдарды қоныс аумағындағы ескі тұрғын жайларға жерлеп,қабырғаларға жағалата ондаған жылқының бас сүйектерін қойған. Бұның барлығы жылқы шаруашылығының ботайлықтардың өмірінде ерекше маңызға ие болғанын дәлелдейді. Ботайдан 158 тұрғын үйдің қалдықтары қазылып табылды. Баспаналардың ауданы 20-120 шаршы метр аралығында үшбұрыш немесе төртбұрыш түрінде салынған. Ботай қонысы суы мен шөбі мол жазық жерде орналасты. Жақын жерде өзеннің болуы оларға аң, балық аулауға мүмкіндік берді
5.. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.

Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мәні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық қорғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл – сақ дәуірінің көлігі. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға,күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп қонды. Сондай-ақ арба әскери көлік ретінде қолданылған. Соғыс қимылдарына, әртүрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан, шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен, Кавказдан, т.б жерлерден табылған. Әскери арбаның бірнеше түрлері болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза,қылыш,садақпен қаруланға сарбаз отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет