39) Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Шыңғыс хан әскерлері де жоңғарлар (сол қанат) мен барұңғарлардан (оң қанат) тұрған. Қ.Жалаири еңбегінде Ресей ішіндегі Қасым хандығында да рулар осылай екі топқа бөлінгендігі айтылады. Егер мемлекеттің осы екі бөлігі жеке мемлекетке бөлініп кетсе, жаңа мемлекет өз ішінде екі қанатқа бөлінген. Айталық, Шыңғыс хан империясынан бөлініп шыққан Жошы ұлысында (Алтын Орда) халықтың оң және сол қанаттарға бөлінуі сақталып қалды. Әр қанатқа кіретін рулар әрқайсысы мың немесе түмен (он мың) әскер шығаруға міндетті болды да, ол әскерлер оң немесе сол қанат әскерлері деп аталды. Екі қанаттың әскерлерінен таңдаулы жауынгерлер іріктелініп алынып, хан жасағы құралды. Ол (кешіктер, хебтегулдер, т.б.), негізінен, әскербасылардың балаларынан тұрып, мәртебесі басқа әскерлерден жоғары болады (қ. Кешік). Әскерлер үш негізгі жікке: соғысатын әскерге, басқару қызметіне (хан, кеңесшілер, дін қызметкерлері, сот, т.б.), шаруашылықпен айналысатын бөлікке жіктелді. Әскери бөлікте – жауынгерлер, батырлар, сардарлар, басқару қызметінде –абыздар, білімпаздар, шаруашылық бөлігінде – малшылар, қолөнершілер, саудагерлер қызмет атқарды. Ұрыс алдында сап түзеуді қазақтар шеп құру деп атаған. Шеп құрғанда әскер оң және сол қанатқа бөлінген. Олардың алдында жаудың бағытын барлайтын қарауыл топ жүріп отырды. Әскердің арт жағында орналасқан ханды хан жасағы қорғады. Хан жасағын тосқауылшы бөлік деп атады. Ең артта әскердің қосалқы аттары, құрал-жабдықтар тиелген арбалар, малшы, қызметшілер, яғни әскердің шаруашылық бөлігі немесе салықшы тобы еріп жүрген. Көшпелілер әскерінің сандық құрылымы ондық жүйеге негізделген.
40. Әбілқайырдың Орынбор әкімшілігімен қарым-қатынасының шиеленісуі. Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жатқан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын. Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Олардың Ресейдің қол астына өту туралы сөзді естігілері де келген жоқ. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілкайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.Қазақ билеушілері негізінен алғанда сенімді де тиімді одақтас іздеп табу мүддесін басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үміттенді. 1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе - Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті. 1731 жылы патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. 1742 жылы Әбілқайырдың белсенді ара ағайындық көмегімен Орынбор қаласында Ресейдің қол астына 30 мың қарақалпақтар да өтті.