86. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»атты мақаласының тарихи маңызы Президент өз мақаласында Тәуелсіздік алғанымызға биыл отыз толатынын, осы жылдар ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сәт болғанымен, біздің еліміз үшін тәуелсіздік тұғырын тұрақтандырған, ұлттық құндылықтарымызды саралап қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала, азаттықтың отыз жылын тұтас дәуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі.Әрбір онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап, алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күштеріміз құрылған, саяси-экономикалық аренада алыс және таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия, Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатып, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны туралы және бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңызды болғанын талдап көрсетеді.
87.ҚР сыртқы саясаты және халықаралық қатынастар. 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі - көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол - еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен екіжақты қарым-қытынастарға стратегиялық басымдық беріп, үнемі дамыту үстінде. Ресей Федерациясымен одақтастық қатынастарды дамыту – Қазақстан Прези-дентінің сыртқы саяси бағытының сөзсіз жетістігі. Бүгін РФ-мен өзара ынтымақтастықтың басты жетістіктері өңірлік интеграцияда, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту кеңістігінде жатыр. ҚР және РФ тандемі зор Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен дамудың берік факторына айналып, Еуразиялық Одақ шеңберінде қарқынды дамуда. Екі мемлекеттің саяси-экономикалық және мәдени салаларда терең ынтымақтастық жағдайында байланыстар орнатып, түрлі қарама-қайшылықтарға ортақ көзқарас қалыптастырулары, ТМД елдері арасындағы көптеген күрмеуі қиын мәселелерді нәтижелі шешуге мүмкіндіктер беруде.
Шығыстағы ұлы көршіміз – Қытай Халық Республикасымен барлық бағытты қамтитын стратегиялық ынтымақтастық қатынастарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлылығының айғағы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық байланысты тереңдету арқылы еліміз әріптестік әлеуетін өз мүддесіне пайдалануда.