1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері



бет49/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
81.Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.
82.Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы кеңестің сессиясында мақұлданып, президенттің жарлығымен бекітілді. Ал үшінші кезең 1996-1998 жылдарды қамтуы тиіс болды.Осыған байланысты көптеген жаңа заң, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден.
83.Болашақ — Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет