1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


АДХВАРЬЮ — Яджурведалық гимндерді оқу міндетін атқаратын абыз.  АДЖИВА



Pdf көрінісі
бет167/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   236
АДХВАРЬЮ — Яджурведалық гимндерді оқу міндетін атқаратын абыз. 
АДЖИВА — тірі емес, жансыз, материалды бастама. 
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ —  әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі. 
АЗ-ЗАХИР — захириттер ілімінің негізінде жатқан сөзбе-сөз мағына 
беретінтұжырым. Бұл ағымның өкілдері – захириттер – Қасиетті жазу мәтіні 
– ашық және батиниттер көзқарасы бойынша қарауға болмайды деп 
пайымдайды. Бұл ағым өкілдері құран мәтіндеріндегі жасырын мәнді
құпияны іздеушілер діншілдерді түсінбеушілікке әкелетін шәк-күмән 
жағдайына апаратын батиниттер дейді. 
АКМЕИЗМ (грек тіл. ауд. - гүлденген күш, жоғары дәреже) — ХХғ. 1910ж. 
орыс әдебиетінде пайда болған модернизмнің бір ағымы. 
АКЛИЙА — рационалды ғылымдар. 
АКИДА  діни ілім, сенім нышан. Таухид (бірлік – ат-таухид, монотеизм) 
ұғымынан бөлінбейді. 
АЛ-АДЛ — діни әділдік. Рухани-адамгершілік тұжырым ретіндегі 
философия (фәлсафа) мен каламда пайдаланылады. 
АЛЬ-БАТИН — жасырын, құпия. Батиниттер ілімі негізінде жатқан «аль-
батин» тұжырымы. 
АКСИОЛОГИЯ (грек тіл. ауд. – құнды) — құндылықтардың табиғаты
олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің 
құрылымы туралы философиялық ілім. 
АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯ — философия заттар мен құбылыстарды 
бағалағанда 
оларды 
моральдік-әдептілік, 
этикалық, 
әлеуметтік, 
идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. 
АКСИОМА — ешбір логикалық дәлелсіз қабылданған теория. 
АКАША — материалды бастамасы жоқ дүние, бос кеңістік. 


336 
АКСИОМАТИКАЛЫҚ МЕТОД — (аксиоматика – деп аксиомалар мен 
постулаттардан ғылыми теорияның барлық тұжырымдарын логикалық 
дәлелдеу жолымен шығаруды айтады). Аксиоматикалық метод ғылыми 
теория құрудың әдісі, оның негізіне бастапқы қағидаттар-аксиомалар
постулаттар алынады. Аксиомадан теория шығару үшін арнайы тұжырым 
шығару ережелері қолданылады. Француз физигі Луи де Бройль былай деп 
жазды: «Аксиоматикалық метод классификация мен оқытудың жақсы 
методы болуы мүмкін, бірақ ол жаңалық ашудың методы емес». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет