1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет170/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   236
АНТРОПОСОФИЯ — рухани құпия күштерге иелік етуші адам жөніндегі 
мистикалық ілім. 
АНТРОПОЦЕНТРИЗМ — гр. тіл. ауд. - адам және лат. өзек деген 
сөздерінен шыққан. Мәдениет және философияның орталығы адам деп 
табылатын дүниелік көзқарас (Европалық Қайта өрлеу, Жаңа және Қазіргі 
Заманғы философиялық мектептер). Басқаша айтқанда, адамды әлемнің 
өзегіне әрі шыңына қойып, оны таным мен білімнің абсолютті нүктесіне 
айналдыратын философиялық немесе кең ауқымында дүниетанымдық, бірақ 
практикалық та болуы мүмкін ұстаным. Антропоцентризмнің классикалық 
формуласы «адам барша заттың өлшемі болады» деген Протагордың тезисі. 
АНТРОПОГЕНЕЗ — адам қалыптасуының эволюциялық процесі. Қазіргі 
антропология антропогенезді биогенездің жалғасы деп қарастырады. 
 
АПОКАЛИПСИС — (грек тілінен аударғанда – сөзбе-сөз ақиқатты ашып 
айтып беру; мағынасы – Құдай шындығын және оның ерігін табиғаттан тыс 
тәсілдермен адамдарға жеткізу) – ақырзаман, жаңа өсиеттің (інжілдің) бір 
кітабы. 
АПОФАТИКАЛЫҚ ТЕОЛОГИЯ (гр. – жағымсыз, теріс) — теологияның 
позитивті білімде Құдайдың көрініс табуы мүмкін емес деген көзқарасқа 
негізделген теизмге тән ерекше парадигмалық ұстаным. 
АПОЛОГЕТИКА — (гр. т. ауд. «апологемай» – қорғаймын, ақтаймын) II-
IIIғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін 
қорғаған, уағыздаған ілім. Немесе б.д .IIғ. бастап алғашқы христиандық 
ойшылдардың ілімдерін жинақтаушы діни-философиялық бағыт. Басты 
өкілдері – Юстин Мученик (100-167ж.ж.), Тациан (IIғ. жартысы), Тертуллиан 
Квинт Септимий Флоренс (160-222ж.ж.) және т.б.
АПОСТЕРИОРЛЫҚ — лат. тіл. ауд. - кейінгіден туындайтын нәрсе. 
Тәжірибие арқылы алынатын білімді белгілейтін ұғым. И.Кант 
философиясында маңызды рөл атқарған.
АРМАГЕДДОН (Палестинадағы жер аты) — Тарихи соңғы шайқаста жер 
патшаларының барлығы соғысып, пайғамбар Айсаның жеңіске жетуімен 
және Қорқынышты сотпен аяқталатын топоним. 


339 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет