1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Анаксимен. Милет қаласы Кіші Азиядағы ірі сауда-кәсіптік полис болған.  МИМАНСА



Pdf көрінісі
бет200/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   236
Анаксимен. Милет қаласы Кіші Азиядағы ірі сауда-кәсіптік полис болған. 
МИМАНСА (кейбір мәселені ойлану және сыни талдау арқылы шешудің бір 
жолы) — ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальді мектептердің бірі. 
Джаймини – негізін қалаған. Шамамен б.д.д. ІІ-ғасыр. Таным мәселесімен 
айналысты. 
Басқаша 
айтқанда, 
үнді 
мәдениетінде 
рәсім-салтты 
жалғастырған, оған деген сенімді қалыптастырған философиялық мектеп. 
МИН-ЦЗЯ — ежелгі Қытайдағы атаулы философиялық мектептер (логиктер, 
диалектиктер, софистер немесе бәстесуші – таласушылар). 
МИСТИКА (грекш. - құпия, нұрлану, Құдаймен рухани қатынаста болу) —
ырғақ пен күйлерге тәуелді болатын дыбыстағы, мантрадағы, дуалардағы 
мистикалық күштерді білуді айтады. 
МИСТИЦИЗМ (грекш. - сырлы, жұмбақ) — білімнің объектісін жанмен 
сезіну арқылы тура білуге болады дейтін діни–философиялық ілім. 
Мистицизм дегеніміз құдаймен ешбір дәнекерсіз тура араласу тәжірибесі, 
осы сезімнің қуанышы. 
МИТРАИЗМ, МИТРА — үнді–иран тілінде келісім немесе келіссөз дегенді 
білдіреді, осыған орай екі жақ бір нәрсе туралы келісімге келеді. 
МИФ — қиял, көне аңыз-әңгіме; яғни, ертедегі адамдардың өздерінің 
қоршаған ортасы жайлы таным-түсінігі. 
МИФОЛОГИЯ (грекш. «мифос» - аңыз, шежіре, «логос» - сөз, ілім) —
алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық 
қоғами сана формасы. 
МОДЕЛДЕУ (латынш. - өлшем, норма, үлгі) — оригиналдың аналогын 
жасау, оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі. 
МОДЕРНИЗМ (французш. – ең жаңа, қазіргі) — ХІХғ. соңы мен ХХғ. 
ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық–
эстетикалық қозғалыс. 
МОКША — Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен 
арылу, әдептіліктің дамыған шыңы, одан кейін жанның (карма) эволюциясы 


367 
тоқтайды, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқалынан азат болып махатма – 
Ұлылық жанға өтеді. 
МОНИЗМ (грекш. - жалғыз немесе жалқы) — әлемде бір бастаудың немесе 
субстанцияның болуын мойындайтын философиялық ұстаным. Дуализмге 
және плюрализмге қарама-қарсы қойылады. 
МОРАЛЬ (лат. - әдет-ғұрып және әдептілік) — қоғамдық нормалар сферасы, 
жоғары ұстанымдар, мұрат, идеал, адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыстарын 
реттеу, қалыптастыру қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғамдық 
сананың бір формасы. 
МӨЛШЕР — Пифагордың және оның ізбасарларының философиясындағы 
барша болмыстың бастауы мен себебі. Платон және жаңа платоншылар 
санды болмыстың ұйымдастырушы қағидаты деп есептеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет