1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


бірінші және екінші Римнің ізбасары ретінде көрінеді



Pdf көрінісі
бет199/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   236
бірінші және екінші Римнің ізбасары ретінде көрінеді. Өзін үшінші Рим, ал 
төртіншісі болмайды деп есептейді. Филареттің айтуынша алғашқы екі 
Римнің күйреу себебі, нағыз шынайы дін-православиені сатып кеткендігі 
және сол үшін құдайдың қарғысына ұшырағандығымен түсіндірілді. Бұл 
доктрина мемлекеттік өзіндік сананың басты доминанты болды.
МЕГАР МЕКТЕБІ — б.д.д. IVғ. Мегар қаласының тұрғыны Сократтың 
шәкірті Евклидтің араласуымен ашылды. Бұл мектептің өкілдері: Евбулид, 
Диодор Крон. Мегарлықтар дәлелдеуге болмайтын абстрактты жоғарғы 
игілік – Құдай, Парасат, Өмірлік энергия болады деп санады. Ал жоғарғы 
игілікті терістеуге (абсолюттық зұлымдық) болмайды деді. Мегарлықтар 
теориялық ізденіспен қатар белсенді практикалық қызметпен де (шын 
мәнінде софистикамен) айналысты. 
МЕТАФИЗИКА (гр. тіл. ауд. - физикадан кейінгі мәселе) — болмыстың 
тәжірибиеден тыс бастаулары туралы ілім ретіндегі философия бөлімі. 
Онтологиямен, 
жалпы 
философиясымен 
жиі 
теңестіріледі. 
Яғни, 
диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-
біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп тұрады деп 
түсіндіріледі. 
МЕТОД (грекш. - зерттеу жолы, теория, ілім) — білімдер жүйесін құру мен 
негіздеу әдісі мен тәсілі. 
МЕТОДОЛОГИЯ (грекш. - метод туралы ілім) — теориялық және 
практикалық қызметті ұйымдастыру және құрастыру тәсілдері мен 
принциптері жүйесі және осы жүйе туралы ілім. 


366 
МЕХАНИЦИЗМ — классикалық механика заңдарын дүниеқұрылымның 
бірегей заңы деп мойындау, дүниенің механикалық бейнесін абсолюттендіру. 
МИЛЕТ МЕКТЕБІ (б.д.д.VIғ.) – Милет қаласынан шыққан ертедегі грек 
философтарының ілімдерінің атауы. Негізгі өкілдері: Фалес, Анаксимандр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет