1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет213/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   236
көмегімен негіздейді: дәйектеу, дәлелдеу және ой қорытындылау. 
САНСАРА (санскр. – айналып оралу, иірім, яғни «алмасу») — үнді 
философиясы мен дінінің (индуизм, буддизм, джайнизм) негізгі 
тұжырымдамаларының бірі. Сансара бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі 
бір-бірімен тығыз байланысты және жанның бір денеден басқа бір денеге 
ауысып, алмасуы туралы ілім. Сансараны мәңгілік қайта айналып келу 
идеясын жеткізетін ұғым. Осы тұжырымдама бойынша, өлім өмірге қарсы 
қойылған зауал емес, өлім - өмірдің басқа түрлеріне өту жолы. 
САНСКРИТ (санскр. – өңделген, тазаланған) — көне үнділердің әдеби тілі. 
САНСКАРЛАР — ластанған қалыптастырушы факторлар. 
САМСАРА — өмір ағымы, болмыс айналымы, жаңа түр беру. 
САТИРА (латынш. – қосынды) — болмыстағы жарамсыз құбылыстарды 
сықақ етіп, әшкерелеп көрсету және сол жанрда жазылған әдеби шығарма. Ол 
алғашқыда антик дәуіріндегі халықтық «күлкі мәдениетінің» шеңберінде 
дүниеге келген. 


379 
СӘУЕГЕЙЛІК — деп әлдебір жансыз зат (мата, әмиян, фотосурет, жай 
сурет және т.б.) арқылы ақпарат алу қабілетін айтады. 
СЕКУЛЯРИЗАЦИЯ (латынш. – діни емес, кәдімгі өмір тіршілігі, зайырлы) 
— бастапқыда діни ұйымдардың жеке меншігінінің, яғни шіркеулік 
жерлердің және мүліктердің мемлекет тарапына өту процесін білдіретін 
үғым. 
СЕМАНТИКА (грекш. – белгілеуші, білдіруші) — семиотиканың түрлі 
белгілік формалардың мәні мен мағынасын зерттеуге арналған бөлігі. 
СЕМИОЛОГИЯ — семиотика терминімен қатар қолданылды. Ол тіл 
теориясын және оның басқа да белгілер жүйесімен байланысын білдіреді. 
Терминді алғаш рет - Ф де Соссюр енгізді. 
СЕМИОТИКА (грекш. – белгі, таңба) — белгілер жүйесінің (табиғи тілдің 
жасанды тілдің, әр түрлі белгілік коммуникация мен адамдар және жануарлар 
әлемінде 
қалыптасқан 
сигналдық 
жүйелердің, 
компъютерлік 
бағдарламалардың т.б.) қасиеттерін зерттейтін философиялық–теориялық 
ғылыми бағыт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет