1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ТЕОЛОГИЯ  (грекш.– Құдай) — Құдай туралы діни ілім.  ТЕЗИС



Pdf көрінісі
бет221/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   236
ТЕОЛОГИЯ  (грекш.– Құдай) — Құдай туралы діни ілім. 
ТЕЗИС (гр. – ереже, пікір) — Г.Гегельдің философиясында триада ырғағына 
бағынатын даму үдерісінің бастапқы оң кезеңі. 
ТЕРІСТЕУДІ ТЕРІСТЕУ  Г.Гегель тұжырымдаған диалектика заңы.
ТЕОРИЯ (гр. бақылау, зерттеу, қарастыру) — шындықтың анықталған 
сферасындағы заңдылықты және мәнді байланыстардың біртұтас бейнесін 
беретін ғылыми білімнің неғұрлым дамыған формасы. 
ТЕОЦЕНТРИЗМ — барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған 
тылсым күш – Құдайда деп түсіндірілетін философиялық көзқарас түрін 
айтады (Ортағасырлық философияға тән). 
ТЕХНИКА (гр. өнер, шеберлік, ептілік) — тар мағынада: инженерлік 
қызмет әдістерімен жасалынатын және қолданылатын артефактар (жасанды) 
жиынтығы. Техника - кең мағынада: адам қызметінің кез келген 
саласындағы ерекше техникалық үрдіс түрі. Техниканы кейде әйтеуір бір 
механизмдердің жиынтығы ретіндегі инструменталдық (құрал ретінде) 
түсінуде кездеседі. 
ТЕХНИКА 
ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
техника, 
жасанды 
обьектер, 
артефакттармен 
байланысты 
мәселелерді 
зерттейтін, 
қарастыратын 
философия саласы. «Техника философиясы» терминінің шығуы Э.Капптың 
«Техника философиясының негіздері» (1877ж, Алмания) деген еңбегіне 
байланысты. Оның алдында И.Бекманның «Технология туралы басшылық 
жасау немесе фабрика мен манфактура істерін тану» (1777ж) деген кітабы 


386 
шыққан. 1912-1913ж.ж. П.К.Энгельмейер де «Техника философиясы» деген 
кітап жазды. XXғ. орта шенінде техника философиясы мәселесімен көрнекті 
философтар: М.Хайдеггер, О.Тоффлер, Хосе Ортега-и-Гассет айналысты
шұғылданды. 
ТЕХНИЦИЗМ — техниканы қоғам тағдырын анықтауыш күш деп 
түсіндіретін әлеуметтік–психологиялық нұсқау және саяси-қоғамдық ой 
бағыты. Яғни, қоғамдағы өзгерістер техниканың әсерімен жүзеге асады деп 
түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет