Шығармалары: «Тәубеге келу», «Құдай шаһары жөнінде» («О граде
Божием») деп аталады.
АВЕНАРИУС,Рихард Авенариус (1843–1877) — швейцарлық
философ-идеалист (позитивизм және эмпириокритицизм
бағытының өкілі). Парижде дүниеге келді. Лейпцигте және
Берлинде оқыды. В.Вундпен бірге ол 1876ж. Германияда
«Ғылыми философияның үшайлығын» шығара бастады, бұл
елдің мәдени өмірінде айтарлықтай рөл атқарды. 1877ж.
өмірден кеткенше профессор Цюрих университетінде
«индуктивтік философиядан» дәріс оқыды.
АВИЦЕННА, Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах ибн Сина(980–
1037) — энциклопедист-ғалым, философ, дәрігер, астроном,
ақын әрі саяси қайраткер. Ол 456 жуық еңбек жазды, бізге 240
кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан
бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің
барлық саласына арналған. 18-томнан тұратын «Айығу кітабын» жазды. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және
фармацевт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де, оның
өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді. АДЛЕР,Альфред Адлер (1870–1937) — австралиялық
психолог,
З.Фрейд
ілімінің
негізінде
пайда
болған
неофрейдизм ағымы өкілдерінің бірі (Олардың қатарында -
В.Райх, К.Г.Юнг және Э.Фромм бар). Шығармалары: «Адамдарды тану» (1917), «Өмір сүру ғылымы» (1929),
«Өмірдің мәні» (1933) және т.б. Оның қағидасыбойынша
адамның «ұлы» әрекеттері, гипер-беделдігі, асқан ұмтылысы
және психикалық ауруларының негізінде ығыстырылып шығарылған
жарымжандылық
комплекс
жатыр.
Осыны
бітеу,
толықтыру
(компенсациялау) үшін адам бизнесте, саясатта, ғылымда, өнерде, жеке
өмірде жанталасып, табысқа жету жолында әрекет етеді.