260
АНТИСФЕН (б.д.д.444–368ж.ж.) —
атақты грек арасынан
шыққан философ, киниктер философиясының негізін
қалаушы ретінде танымал.
Киниктердің жеке заттар мен
жалпы
ұғымдар
туралы
пікірлері
ортағасырдағы
номиналистердің жалпы ұғымдар
мен жеке заттар туралы
идеяларымен ұштасады. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың
рақымшылдық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай
жалғастырып, түкке
тұрмайтын құндылығы жоқ байлық,
денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда,
рақымшылдықты ең
құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Киниктер мемлекеттік заң
мен рақымшылдық
заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң
рақымшылыққа жеткізбейді. «Шынында да, дауыс беру арқылы топас
адамдарды қолбасшы қылып сыйлайтын мемлекетті рақымшылыққа
жеткізетін мемлекет деп айта аламыз ба?» - деп сауал қояды Антисфен.
АНТОНИН,
Марк Аврелий Антонин (121–180) —
Антониндер әулетінен шыққан римдік император (161–180).
Философ, кейінгі
стоицизмнің өкілі,
Эпиктеттің ізбасары.
Достарыңызбен бөлісу: