1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ИЛЛАРИОН  (XIғ.) — киевтік митрополит әрі  ең алғашқы орыстан



Pdf көрінісі
бет118/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   260
ИЛЛАРИОН 
(XIғ.) — киевтік митрополит әрі 
ең алғашқы орыстан 
шыққан
философ
. Ол өзінің «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс 
жерінің» қасиетті дүние құдыретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін 


285 
дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры 
және орыстар мен 
орыс мемлекетінің
әлемдегі мәні мен мақсаты 
туралы 
терең пайымдаулар кездеседі. Орыс философиялық ойының онан арғы дамуы 
адамгершілік-практикалық уағыздар дамуы ағымында және әлемдік өркениет 
дамуындағы православиелік Русьтің ерекше мақсаты туралы ойды негіздеу 
түрінде жүрді.
ИЛЬИН
,
 
Иван Александрович Ильин
(1883–1954) — орыс 
христиан философы, cоциолог, мемлекеттанушы, қоғам 
қайраткері, жазушы және публицист. Оның көзқарастары XXғ. 
консервативтік бағыттағы басқа да орыс интеллектуалдарына 
қатты әсер етті, айталық солардың қатарында А.Солженицын 
да бар.
Шығармалары:
 
«Философия Гегеля как учение о 
конкретности Бога и человека», «Учение о человеке», «О 
сопротивлении злу силою», «Яд большевизма», «Путь духовного 
обновления», «Творческая идея нашего будущего. Об основах духовного 
характера», «Наши задачи. Статьи 1948-1954», «О монархии и республике» 
және т.б. 
КАГАМЕ
,
 
Алексис Кагаме
 
— руанди елінен шыққан қазіргі 
заманғы африкалық философияның дамуына көп үлес қосқан 
көрнекті ойшыл. Ол – тарихи тақырыптарға арналған 
жиырмадан астам кітаптар мен басқа да шығармалар жазды. 
Руанди тарихына байланысты жазылған екі томдық еңбектің 
авторы, африка этнофилософиясының көрнекті өкілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет