1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет179/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   260
детектив формасында
да 
көрсетуге болады деп санайды. 
 
ЭМПЕДОКЛ
,
 
Эмпедокл Акрагантский
 
(шам.б.д.д.490–
шам.б.д.д.430ж.ж) — көнегрек философы, дәрігер, мемлекет 
қайраткері, абыз. 
Шығармалары:
«Табиғат туралы», 
«Тазарту» (поэма түрінде жазылған), т.б. Әлемнің алғашқы 
бастамасы етіп дәстүрлі қалыптасқан «заттардың төрт 
тамырын» – жер, су, ауа және отты алған. Бұл бастамалар 
бір-біріне ауыспайды. Эмпедокл төрт алғашқы бастаманы 
төрт құдаймен теңестіріп қарайды. Олар: Зевс, Гера, Аид және Нестис (су 
құдайы). Ал қалған құдайлар осы тамыр – Құдайлардан жаратылады. 
Әлемдегі заттар осы төрт бастаманың бір-бірімен әртүрлі мөлшерде 
араласуынан пайда болады. Эмпедоклдың айтқан екі болжамы таң 
қалдырады. Бірі – Күннің тұтылуы Жер мен Күннің арасына айдың тура 
келіп, қабаттасуы. Екіншісі – сәуленің әлемде тарауы үшін уақыттың 
керектігі. Олай болса сәуленің таралу жылдамдығы болатыны.
ЭНГЕЛЬС
,
 
Фридрих Энгельс
(1820–1895) — неміс философы, 
марксизмнің 
негізін қалаушылардың бірі
, К.Маркстың досы, әрі жақын әріптесі. Ол еңбек 


331 
адам санасы қалыптасуы мен дамуының материалдық негізі, 
адамзат қоғамы дамуындағы экономиканың басымдығы 
туралы («Маймылдың адамға айналу үдерісіндегі еңбектің 
рөлі», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу 
тегі») идеяларын айтты. Ф.Энгельс табиғат диалектикасы, 
болмыс субстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды, 
материя қозғалысы формаларының классификациясын
материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы 
жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы 
идеяларды жасап шығарды («Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет