1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ШОРТАНБАЙ ,  Шортанбай Қанайұлы



Pdf көрінісі
бет178/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   260
ШОРТАНБАЙ

Шортанбай Қанайұлы
(1818–1881) — 
«
Зар
-
Заман дәуірі
»
кезеңіндегі әйгілі ақын әрі жырау. Оның 
өлеңдері ел аузында ауызша таралып, кейін баспа бетіне 
шыққан. Жазба сауатты болғанымен, өлеңдерін ауызша 
суырып салып айтқан. Орыс патша үкіметінің отаршылдық 
саясаты, жаңа ел билеу тәртібінен (1888) туындаған 
құбылыстарды көрсетеді. Оның бір топ 
шығармаларында
(«Бір тәңірге аянды», «Бір насихат айтайын», «Қалықтаған 


330 
сұңқар ем», т.б.) қалың бұқараның азапты тұрмысының екі жақты қаналуға 
ұшырауын, би-болыс, ұлықтардың зұлымдығы мен парақорлығын 
әшкерелейді. 
ШПЕНГЛЕР
,
 
Освальд Арнольд Готтфрид Шпенглер
(1880–
1936) — неміс философы
өмір философиясы
ның өкілі, 
қазіргі 
мәдениет философиясы
ның негізін қалаушылардың 
бірі. Ол мәдениетті біртұтас жалпыадамзаттық деп емес, жеке 
мәдениеттерге бөліп қарастырған (мысырлық, үнділік, 
вавилондық, қытайлық, «аполлондық» (гректік-римдік), 
«магиялық» 
(византиялық-арабтық), 
«фаустық» 
(батысевропалық) 
және 
майя 
мәдениеті; 
орыс-сібір 
мәдениетінің тууы күтіледі). Олардың дамуы белгілі бір биологиялық 
ырғаққа бағынады: олардың дамуының негізгі фазалары: туу және балалық 
шақ; жастық шақ және жетілу; кәрілік және «құлдырау». 
Шығармалары:
«Европаның күйреуі», «Торығу» (Писсимизм), «Адам және техника», 
«Пруссачество и социализм» және т.б. 
ЭКО
,
 
Умберто Эко
 
(1932)
— 
итальяндық философ-ғалым, 
мәдениет тарихшысы (медиевист), әдебиет сыншысы
жазушы және қазіргі 
семиология
ның белгілі өкілі. Ол 
философиялық, тарихи, семиотикалық «Раушан есімі» 
романының авторы. Роман детектив жанрында, бірақ 
классикалық емес, постмодернистік үлгіде жазылған. 
Умберто Эко философияны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет