1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


АШАРИТТЕР  — ашаризм өкілдері (негізін салушы Әбу-ль-Хасан Әли Ибн  Исмаил әл-Ашари (873-935)) - мұсылман теологиясындағы бағыт.  ӘДІС



Pdf көрінісі
бет189/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   260
АШАРИТТЕР 
— ашаризм өкілдері (негізін салушы Әбу-ль-Хасан Әли Ибн 
Исмаил әл-Ашари (873-935)) - мұсылман теологиясындағы бағыт. 
ӘДІС 
— гр. тіл. ауд. – зерттеудің, танымның жолы. Яғни танымның саналы 
түрде қолданылатын әдісі. 
 
ӘДІСНАМА
— кейбір затты тануда қолданылатын тәсілдер жүйесі немесе 
таным тәсілдері туралы философиялық ілім.
 
 
ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАС 
— адамның дүниетаным негізінде тұтас 
нәрсе ретіндегі әлемге деген тәжірибиелік қатынасы. Сонымен бірге 
дүниетаным мен дүниеге деген қатынасы өзара бірін-бірі түзеп, дамытады.
 
 
ӘУЕЛГІ БАСТАУ 
— барша болмыстың әуелгі қайнар көзі.
 
 
ӘУЕЛГІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ 
— Ғарыштағы кез келген үдерістің қайнар көзін 
белгілейтін Аристотель философиясының категориясы.
 
 
ӘУЕЛГІ ЭЛЕМЕНТ (СТИХИЯ)
— ежелгі грек философиясы бойынша 
шындықтағы алуан түрлі құбылыстардың негізінде жататын нәрсе.
 
 
 
ӘМБЕБАПТЫҚ (ЖАЛПЫЛЫҚ
) — ерекшелік пен жекеліктің нақтылы 
біртұтас құрамындағы заңды байланысы мен өмір сүру формасы. 
БАТЫСШЫЛДАР
— ХІХғ. ортасындағы орыс қоғамындағы ағым. 
Олардың пікірінше, Ресей жалпыевропалық сценарий бойынша даму жолына 
түсуі тиіс. 


341 
БАТИНИТТЕР
— Қасиетті мәтінде түсіндіруді қажет ететін жасырын
құпия мәні бар деп есептейтін бағыттың өкілдері. 
БАЗИС 
және 
ҚОНДЫРМА 
— К.Маркс пен марксизмнің қоғам туралы 
ілімінің категориясы. Базис – экономикалық (өндірістік) қатынастардың 
жүйесі. Қондырмаға саяси, құқықтық және басқа да әлеуметтік қатынастар
ғылым, өнер, мораль, дін және оларға сәйкес келетін қоғамдық сананың 
түрлері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет