343
Қасіреттің пайда болу себебі және 4 - одан құтылу жолдарын білу;
Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз әдептілік қағиданы
бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет. Б.д.д.III-
ғасырда буддизм Үндістанның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол
дінге айналып,
екі ағым
ға бөлініп кетті:
махаяна
және
хинаяна
. Буддизмге
сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі
(Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің
орнын брахманизм басады да, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір
көрінісі болып қалады.
ВАЙШЕШИК ЖҮЙЕСІ
(ерекше, типтік) — б.д.д.Vғ. қалыптасқан мифтік-
философиялық көзқарастар жиынтығы. Вайшешиктер негізін
Канада
атты
дана қалаған. Ньяя іліміне үндес, жеке Мені құтқаруға арналған көзқарас.
Немесе – ортодоксальді үнді философиясындағы мектептердің бірі.
Атомистикалық ілімге негізделген онтологиялық мәселелер, жан туралы ілім
қарастырылады.
ВАКХАНАЛИЯ
— ежелгі грек және рим мифологиясындағы Вакх деп
аталатын өсімдіктің, шарап пен көңілділіктің құдайы, жүзім өсіру мен шарап
дайындаудың пірінің құрметіне арналған мейрамдық рәсімдер.
Достарыңызбен бөлісу: