1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет194/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   260
ГЕДОНИСТІК ФИЛОСОФИЯ 
— (Кирендік – Кирен қаласының атымен), 
оның өкілдері өмірде өз түйсіктерінің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, 
сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керектігін уағыздады. Негізін 
қалаушы, атақты ойшыл – 
Аристипп
(б.д.д.435-355ж.ж.). Ләззат, бақыт 
дегеніміз – минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, 
қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек. Өмір қайғы-қасіретке толы 
болғандықтан, өмірмен қатар өлім де тартымды.
ГЕНЕЗИС
— пайда болу және одан әрі даму. 
ГЕРМЕТИЗМ 
— Гермес трисмегист (Үш дүркін Ұлы) есімімен аталатын 
және көне мысырлық абыздардың құпия ілімдерінен бастауын алатын кейінгі 
антикалық дәуірдің діни-философиялық ағымы.
ГЕРМЕНЕВТИКА
— (грекш. - «герменойтикос» түсіндіруші, ұғындырушы 
деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан), 
мәтіндерді және олардың мағынасын ортаға салу жөніндегі ілім немесе кез 
келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну 
әдісі (қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән). Өкілдері: 
Э.Бети, 
Г.Г.Гадамер, М.Ландман
және т.б. Герменевтика қазіргі философиялық – 
қазіргі әлемде ең көп сұранысқа ие болатын философиялық бағыт, оны 


345 
түсіну және өзара түсіністік теориясы
деп те атайды. Бұл бағыт мән, 
түсіну шарттары мен алғышарттары, мәдениеттің мәтіндерін, дәстүрді, жол-
жораны, әлемнің ұлттық бейнесін, әртүрлі өмірлік практикаларды түсінуді 
жүзеге асыратын тәсілдерді анықтау сияқты ең өзекті мәселені шешуді 
көздейді. Г.Гадамер М.Хайдеггердің идеяларын дамытқан.
ГЕРМЕНЕВТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР 
— антикалық риторикадан алынып, 
ортағасырларда киелі жазбаларды - Інжіл мен Құранды түсіндіруде кеңінен 
қолданылған герменевтиканың қағидасы. Герменевтикалық шеңбер – 
түсінудің ерекше құрылымы, онда түсінік әрқашан нобайдан, тұтастық 
жобасынан және түсіну қажет болатын заттан басталады. Кейін бөліктерді, 
деректерді зерттеу жүзеге асады және олар бастапқы жобаны дәлелдесе, онда 
тұтастық байып нақтыланады. Егер дәлелдемесе, тұтас нәрсенің басқа 
нұсқасын алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет