1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет248/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   260
ФЕТИШИЗМ 
(фр. 
– 
тұмар, қасиетті күші бар зат) — көбінде алғашқы 
қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті 
деп табыну. 
ФИЗИКАЛИЗМ 
— ғылымның әмбебаптық тілі физика тілі. Сана мәселесін 
қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше
өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды және 
оны физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға 
болады, - дейді. 
ФИЛАНТРОПИЯ 
(грек. – адамсүйгіштік) — қоғамдық маңызға ие іс-әрекет 
түрлеріне (мәдени ескерткіштер мен мұраларды қорғау, қоршаған ортаға 
қамқорлық көрсету және т.б. сынды) қол ұшын беріп, көмек көрсету түрі. 
ФИЛОСОФИЯ 
(грекше – сүйемін және даналық, тікелей мағынасы – 
даналықты сүю) — әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ 
заңдылықтары туралы ғылым. 
ФӘЛСАФА
— Араб-мұсылман философиясы, IXғ. кәсіби философия 
ретінде пайда болған. 
Негізін салушы әл-Кинди
болып есептеледі. Басты 
өкілдері
әл-Фараби (870-950), Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Туфайль (1186), 
Ибн Рушд (1106-1198), Ибн-Баджжа (1139), ар-Рази (1364), Ибн Халдун. 
Фәлсәфаны жиі шығыс перипатетизмі деп атайды, себебі фәлсафа-фаласифа 
(философтар) герменевтикамен, Аристотель мен оның ізбасарларының 
(перипатетиктермен) еңбектерімен айналысқан. 
Фәлсәфаның көрнекті 
өкілдерінің бірі 

Әбу Насыр әл-Фараби.
Оның атымен фәлсафада пайда 
болған барлық негізгі мәселелер байланысты. Фәлсафадағы негізгі мәселе –
философияның дінге, сенімнің білімге қатысы туралы мәселелер. 
Философиялық мәселелер аясы
– болмыс пен уақыт, ғылымның 
философиялық мәселелері, басталу философиясы, тіл мәселесі, мораль 
мәселесі, қоғамды қайта құру, жетілу және жетілген адам мәселесі, білім беру 
мәселесі. Фәлсафа тәсілдері – логика, исламдық рационализм, герменевтика, 
аллегориялық символизм, компаративистика, диалектика. Фәлсафа – қазіргі 


391 
заман 
философиялық 
дискурсына 
қосылған 
қазіргі 
мұсылман 
философиясының классикалық негізі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет