393
Хризматикалық көсем деп өте мықты беделге, ақылгөйлікке ие, шексіз
тартымды, батыр адамдарды атайды.
ХАСИДИЗМ
(көне евр. – тақуа, дін тәртібін берік ұстанушы, таза пиғылды
жан) — ХVІІІғ. 30ж. Украинаның кедей еврейлерінің арасында пайда болған
иудаизмнің мистикалық бағыты.
ХИМЕРА
—
көне грек мифологиясында төменгі, қара күштердің бір
көрінісі; әдетте, ол басы мен мойыны арыстаннан, денесі ешкіден, ал
құйрығы аждаһадан жаратылған құбыжық бейнесінде суреттеледі. Жаңа
дәуірден бастап бұл ұғым жаңа мағынасында, яғни қиялы, орындалмас
арманды білдіретін түсінік ретінде пайдаланылады.
ХИНАЯНА
(санскр. Кіші дөңгелек, кіші арба) — буддизмнің екі бағытының
бірі (махаянамен бірге). Буддизмнің сыни және реалистік бағытта өрбіген
ағымы әрі буддалық мектептер мен ағымдардың ішіндегі ең консервативті,
көбінде палшілік канон–трипитакаға (буддизмнің діни-философиялық
мәтіндер жинағы) негізделген бағытты айтады. Олардың ойынша жоғары
шындық пен жоғары рахат күйі – нирванаға тек қана ат төбеліндегі аз рухани
элита (таңдаулылар) ғана жетеді деп түсінеді.
ХОЛИЗМ
(грек. – бүтін, түгел) — 1926 жылы оңтүстік африкалық философ
Я.Х.Смэтс тұжырымдаған тұтастықтың, бүтінділіктің тәсілдемелік принципі.
Достарыңызбен бөлісу: