1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   260
 
ӘБІЛДИН
,
 
Жабайхан Мүбаракұлы Әбілдин
(1933) — қазіргі 
заманғы қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі. 
XX-ғ. 60-90ж.ж. қазақ философиясының «алтын дәуірі», 
таным теориясы, логика, методология, диалектикалық 
ойлаудың үстемдік еткен заманы болды. 
Шығармалары:
«Теориялық танымдағы бастама мәселесі», «Логика мәселесі 
және таным диалектикасы», «Таным диалектикасы мен 
логикасының проблемалары», «Қазіргі ғылымдағы нақтылық принциптері», 
«Кант диалектикасы», 5-томдық «Диалектикалық логика» және т.б. да 
еңбектері.
 
ӘБУ-ХАНИФА, 
Әбу Ханифа Нұғман бин Сәбит
 
— Ханафи мазхабының 
негізін қалыптастырушы ғұлама ойшыл. 699ж. Ирактағы Куфа қаласында 
дүниеге келген. Оның өмірінің алғашқы елу екі жылы Омайяд дәуірінде, 
соңғы он сегіз жылы Аббасидтер дәуірінде өтті. 767ж. екінші халиф Мансұр 
заманында дүниеден өтті. Ханифа қалыптастырған фиқхтық мазхабы ислам 
әлемінде қабылданып, қазіргі таңда дүниежүзіндегі миллиондаған адамдар 
(солардың қатарында - қазақтар да) осы мазхаб бойынша өмір сүруде. 
Басты 
шығармасы: 
«Фиқх әл-акбар» атты еңбегі. 


263 
БАБЕФ

 
Франсуа Бабеф

лақап аты 

Гракх Бабеф
(1760–
1797) — 
бірінші коммунист 
- теоретик және практик. XIX-
XXғ.ғ. Бабефтың коммунистік қоғам және қарулы көтеріліс 
туралы ілімі – 
бабувизм
деген атауға ие болды. 
Басты 
идеялары: 
ол барлық философиялық теорияларды қатаң 
сынады, өйткені олар халыққа пайдасы жоқ деп санады және 
де өз заманындағы қоғам мен мемлекетті батыл сынға алды, 
ондағы пайда болған жекеменшікті – әлеуметтік зұлымдық деп есептеп, 
коммунистік (тапсыз) қоғамды кедейлердің байларға қарсы революциялық 
әрекет жасап, күш қолдану керек деп санады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет