1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет256/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   260
ЭКСТЕРНАЛИЗМ 
— ғылымның пайда болуы одан тыс факторлар - 
әлеуметтік, экономикалық және т.б. әсерінен пайда болады дейтін көзқарас. 
ЭКФОРАСИС 
— эпостық суреттеу тәсілі. Бұл тәсіл арқылы жыршы кейпін 
пластикалық мүсіндеу арқылы береді. Мысалы: Гомердің Ахилл қалқанын 
суреттеуі немесе Қазтуғанның «Мадақ жыры». 


397 
ЭЛЕАТТАР 

 
қазіргі заманғы Италия жеріндегі б.д.д.VI-Vғ.ғ. өмір сүрген 
ежелгі грек полисі. Элей мектебінің өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон 
және Мелисс. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа 
қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз – физикалық дене, ал 
пифагоршылар – сан десе, элеаттарда 
түпнегіз 
– 
болмыс
. Элеаттар ілімінің 
негізгі қағидалары мынаған саяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық 
деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой 
арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі тек түсіндіруге 
болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді.
ЭЛЛИНДІК 
ЖӘНЕ
 РИМДІК ФИЛОСОФИЯ 
— антика философиясындағы 
эллиндік кезең
б.д.д. шамамен VIғ. орт. б.д.V-IVғ.ғ. аралығын қамтиды. 
Эллиндік және 
римдік философияға
ежелгі грек және Шығыс халықтарының 
(әсіресе Кіші Азия) өте бай рухани байлықтарының әсері зор болғандығы 
белгілі. Әсіресе Шығыс халықтарына тән мистикалық әдет-ғұрыптар, 
астрология, гороскоп, т.б. да сенімдерін, Шығыстың кейбір құдайларын 
(Исида – Даметра, Кабела (Жер-Ана) - Афродита, Артемида, т.б.) өз 
құдайлары ретінде мойындап, оларға табыну сияқты діни сенімдері Грекия, 
рим халықтарының сол кездегі мәдениетінің өзектілерінің бірі болды. Діндегі 
сияқты, философияда да жеке тұлға мәселесі алдыңғы шепке шығып, жалпы 
этикалық проблема ретінде көптеген ойшылдардың еңбектерінде көрініс 
тапты. Б.д.д.IV-IIIғ. осы проблемаларға жауап іздеген негізгі екі 
философиялық ағым пайда болды. Олар стоиктер мен эпикуршылардың 
философиялық ілімдері еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет