56
өмірінде еңбек әр салалы болғандықтан, оқушылар оның әр түрімен танысуы
тиіс.
Бірақ Дьюидің тек сыңар жақты жұмыс арқылы оқытып үйрету керек
дегені мектеп тәжірбиесіндегі теорияның, оқытушының ролін кемітуге әкеліп
соғады. Ол оқытушыны тек қана ұйымдастырушы, консультант, тергеуші
ретінде есептеп, оны білім беруші, сол білімді меңгертуші басшы ұстаз деп
бағаламады.
Дьюи мектепті тек ұйымдасқан бір ғана орта, мектептің өзі өмір деді.
Демек, ол мектеп пен өмір, ортаның арасына шек қоймайды, сондықтан да
мектепте оқу програмалары, оқу кестелерінің болуы шарт емес. Дьюидің өзі
кейінен орын алған « проект әдісін» ұсынбады, бірақ оның мектеп жөніндегі
ойларын, оның жолын ұстаушылар сол әдісті негіздеу үшін пайдаланады.
Сонымен Дьюи жүйелі білімді ығыстыра отыра, өндіріске практикалық
қызметкерлерді ғана тәрбиелеуді ойластырды.
Дьюидің еңбек тәрбиесі жөніндегі ойлары капиталистердің мүдесін ғана
көздеп Америка мектебін қайта құруға көмектесті, бірақ
сол ойлар әсерімен оқушылардың жалпы мәдениеті кеміді, оқу тек қана
тар шеңберде жалаң іскерлік бағыт алды. Сондықтан Дьюидің көзқарастары
АҚШ- тың буржуазиялық тобының талаптарын ғана қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: