1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың



Pdf көрінісі
бет2/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
2. Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың 
теориялары. 
Ежелгі Шығыста, Грецияда және Римде, яғни құлиеленушілік 
мемлекеттерінде отбасылық және қоғамдық тәрбие жүйесінің алғашқы 
педагогикалық теориялары құрыла бастады.
Ежелгі Грециядағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар.
Ежелгі 
Греция – көптеген құлиеленуші қалалар, мемлекеттер мен полистерді 
біріктіретін ел болып табылады. Греция тарихында екі полис ерекше мәнге 
ие – Афина және Спарта. Оның әрқайсысында тәрбиелеудің ерекше жүйелері 
құрылды, бір жағынан – құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, 
ал басқаша жағынан – елдің даму ерекшеліктерімен. 
Спартадағы балаларды тәрбиелеу. 
Спарталық мемлекет Ежелгі 
Грецияның ертеректегі мемлекеті болып табылады. Ол б.з.д. ІХ ғасырдың 
басында Лакония шекарасына жерлерді басып алған және тамырлы 
халықтарды өзіне бағындырған дворян тайпалық топтардың шабылуынан 
пайда болды.
Спарта халықтары күр бөлініп кетті: үстем тап – спартиаттарға; 
азаматтарды қамтыған, өзіндік тәуелсіз, бірақ саяси құқықтан айрылғандар – 
периэктерге; құл болған, яғни барлық құқықтардан айрылған адамдар, бірақ 
өзінің жерлерінде қалған – илоттарға. Аяусыз қанау салдарынан илоттар 
оның жиі көтерілісшілері болды. Бұл спартиаттарды өзінің үстемдігін 
қарудың күшімен ұстауға мәжбүр етті. Осыған байланысты спартиаттар 
өзіндік әскери формаларын иеленді – барлық халықтардың үлкен 
ерекшеліктері әскерлерді құрды, олар құл – илоттарды ұдайы үреу мен бас 
июшілікпен ұстады. 
Мұндай 
жағдайда 
ерекше 
спартиаттар 
мемлекетінің 
спартиат 
жауынгерлерін, яғни мықты және шыныққан, болашақта құлиеленуші 
адамдарды дайындайтын тәрбие жүйесі құрылды. Мемлекет балалардың 
туылғанынан бастап отбасында тәрбиелеуін қадағалап отырды. Ақсақалдар 
жаңатуылған балаларды қарады және тек қана денсаулығы мықты балаларды 
әкелеріне қайтарып, ал ауру және әлсіздерді жойып отырды (тапсырыс 
бойынша оларды Таргетский тұңғиығына тастады). 
Сәбилерді ереже ретінде асыраушы-құлдардың көмегімен аналары 
тәрбиеледі. Асыраушылар балының өмірі мен денсаулығына күтім жасады 
және оларды шынықтырып, спартиаттарға тән дағдыларға баулыды. 
Балаларды еркелетпей, тамаққа қызықпайтын, қараңғыдан қорықпайтын
болашақ мүмкін әскери жорықтарда аштық пен шөлді, қолайсыздық пен 
қиындықты жеңіп кешіретін етіп тәрбиелейді. 
7 жастан бастап бұл балаларды арнайы мемлекеттік тәрбие ұйымы – 
агеллаға отбасынан алып кетіп отырды. Мұнда балалар 18 жасқа дейін 
болды. Агеллада мемлекеттен арнайы бөлінген жетекші педономдар 



тәрбиелейді. 
Олар 
басты 
назарды 
балалардың 
әскери-физикалық 
дайындығына бөлді: жүгіруге, секіруге, күресуге, нысана көздеуге үйретті 
және үлкендердің барлық бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға, құлдар мен 
олардың басты істері – физикалық еңбекті жек көруге және құлдарға аяусыз 
қарауға үйретті. Агеллада білім беру жазу мен есептеуге оқытудан шектелді. 
Ерекше көңілді балалардың сұраққа нақты және қысқа жауап беруіне 
(«қысқаша сөйлеу») бөлді.
Тәрбиелеу барлық спартиа қоғамының ісі болды; әскер басылары, 
мемлекеттік қайраткерлері агеллеларға жиі келіп отырды, балалармен 
гумандылық және саяси тақырыптарда әңгімелер құрды және дайындықтарға 
қатысып, айыптыларды ақылға салып, жазалап отырды. 
Болашақ жауынгерлер мен құлиеленушілерді тәрбиелеудің маңызды 
құралы болып – 1415 жылдарда жетекшілерді түңгі жорықтарға шығару 
жатады.
18-20 жастағы бозбалалар арнайы әскери дайындық эфибияға келіп 
отырды, кейін олар жасаққа қосылады. Тек 30 жастағы жас спартиаттар ғана 
толық құқылы азамат болып саналады.
Қыздар балалар үйде тәрбиеленді, дегенмен олардың да тәрбиесінде 
басты орынды физикалық даму, әскери дайындық, құлдарды басқара білуге 
үйрету алды. Еркектер соғысқа кеткен уақыттарда әйелдер өз қалаларын 
өздері қорғады және құлдарды бір қалыпта ұстап отырды. Қыз балалар 
қоғамдық мерекелерде және спорттық дайындықтарға қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет