1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101



Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Педагогикалық факультеті 
Мектепке дейінгі және психологиялық – педагогикалық 
даярлық кафедрасы 
Белгібаева Г.Қ., 
п.ғ.к. 
«Педагогика тарихы (жалпы және мектепке дейінгі)» 
пәні бойынша 
ДӘРІСТЕР КУРСЫ 
(13 дәріс) 
 
мамандығы 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» 
Қарағанды 2023 



Дәріс№1. Тақырыбы: Мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы 
Жоспар: 
1. Алғашқы қоғамдық тәрбие 
2. Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогиканың 
теориялары 
3. Орта ғысрдағы Батыс Еуропаның тәрбиесі мен мектептері 
4. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп 
1.
 
Алғашқы қоғамдық тәрбие.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қоғам дамуының ерте сатысында 
өмір сүру жағдайы өте ауыр болды, аман қалу үшін барлығына бірге 
болуылары керек болды және тек ұжыммен ғана еңбек етулеріне тура келді. 
Бұл қоғамда барлығы ұжыммен болды және әлеуметтік теңсіздік пен 
дәрежелер болған жоқ, адамдар жалпы үйінде тұрды және бүкіл тайпаға 
жататын балаларды тәрбиелеуге бірлесіп кіріседі. 
Зерттеуші
-
этнографтардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық 
жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуді екі жетекші кезеңге бөлуге 
болады: отбасында өтетін – бастауыш (10-12 жасқа дейінгі балалар) және 
жыныстық ерекшеліктерге байланысты берілген жеткіншектерді мақсатқа 
бағыттаған дайындық кезеңі – негізгі. 
Дәрежесіз 
қоғамда 
балаларды 
түрлі 
қолайлы 
іс-әрекеттермен 
шұғылдандыра отырып, оларды бірдей тәрбиелейді. Балалар ерте жастан 
тамақ табуға араласты – жеуге келетін өсімдіктер мен жемістер терді. 
Үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу деңгейі көтреріле бастады. 
Үлкендермен біріге отырып және оның жетекшіліктерімен жүріп, балалар 
өздеріне керекті өмірлік қажеттіліктер, еңбектік қабілеттер мен дағдыларды 
алды. Ұл балалар мен қыз балаларды тәрбиелеуде үлкен ерекшелік болды. Ұл 
балаларға еркектермен бірге аңшылықта және балық аулауға араласады, 
күресе білуге, садақтан атуға және атта шаба білуге үйретті, ал қыз балаларға 
әйелдерге тамақ істеуге, киім тігуге, ыдыс жасауға көмектесті. Барлық 
балаларға жануарларға күтім жасауға, егіншілікпен шұғылдануға және қол 
өнерге үйретті. 
Балалар дәстірлі ойын, ән айту, құрбан шалынатын қоғамдық мерекенің 
маңызды қатысушылары болып табылады. Тайпалық қоғамның үлкендері 
жас ұрпақты тәжірибелі адамдардың тәжірибесімен, салт-дәстүрмен, әдет-
ғұрыптармен, тайпаның тарихымен, діни сеніммен таныстыруға және 
кішкентай балаларды үлкендер мен өлген адамдарды құрметтеуге 
тәрбиелеуді тапсырған. Баланың мінездері мен қылықтарын тәрбиелеуде 
халықтың ауызша шығармалары: аңыз, өлең және т.б. үлкен орын алды. 
Жазуға дейінгі мәдениетте әртүрлі жас топтарындағы адамдардың 
қарапайым фольклорларында имандылық нормалары, тәртіп ережелері, 
құқық және басшылардың міндеттері көрсетілген. 
Бозбалалар мен қыздардың тайпаның толыққұқылы мүшесіне енуінің 
негізі дайындайтын ең беделді және ақылды адамдардың жетекшілігімен 
өткізеді. Бұл арнау бұқаралық санаудан тұратын, яғни жастардың тайпалық 



қоғамның үлкен мүшелерінің атқаратын міндеттеріне дайындықтарын 
тексерумен аяқталады. 
Дамудың кеш деңгейінде, яғни тәрбиелеу ісі арнайы адамдармен 
жүргізіле бастаған кезде алғашқы қауымдық құрылыс тәрбиесі қоғамдық іс-
әрекеттің негізгі формасы ретінде ерекшеленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет