4
тәрбиелейді.
Олар
басты
назарды
балалардың
әскери-физикалық
дайындығына бөлді: жүгіруге, секіруге, күресуге, нысана көздеуге үйретті
және үлкендердің барлық бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға, құлдар мен
олардың басты істері – физикалық еңбекті жек көруге және құлдарға аяусыз
қарауға үйретті. Агеллада білім беру жазу мен есептеуге оқытудан шектелді.
Ерекше көңілді балалардың сұраққа нақты және қысқа жауап беруіне
(«қысқаша сөйлеу») бөлді.
Тәрбиелеу барлық спартиа қоғамының ісі болды; әскер басылары,
мемлекеттік қайраткерлері агеллеларға жиі келіп отырды, балалармен
гумандылық және саяси тақырыптарда әңгімелер құрды және дайындықтарға
қатысып, айыптыларды ақылға салып, жазалап отырды.
Болашақ жауынгерлер мен құлиеленушілерді тәрбиелеудің маңызды
құралы болып – 1415 жылдарда жетекшілерді түңгі жорықтарға шығару
жатады.
18-20 жастағы бозбалалар арнайы әскери дайындық эфибияға келіп
отырды, кейін олар жасаққа қосылады. Тек 30 жастағы жас спартиаттар ғана
толық құқылы азамат болып саналады.
Қыздар балалар үйде тәрбиеленді, дегенмен олардың да тәрбиесінде
басты орынды физикалық даму, әскери дайындық, құлдарды басқара білуге
үйрету алды. Еркектер соғысқа кеткен уақыттарда әйелдер өз қалаларын
өздері қорғады және құлдарды бір қалыпта ұстап отырды. Қыз балалар
қоғамдық мерекелерде және спорттық дайындықтарға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: