1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Афиналардағы тәрбие мен мектеп. 
Афина дамыған құлиеленуші 
мемлекет болып саналады – ол өзінің рауандануын б.з.д. V ғасырларда қол 
жеткізген демократиялық республика. Афина адамзатқа философия, өнер, 
әдебиет және педагогика салаларында бай мұра қалдырған.
Балалар мен бозбалаларды тәрбиелеу мен оқытуға афинада көп көңіл 
бөлінді. Афиналықтар бұған қоса тамаша адам болып – физикалық жағынан 
болсын, мінез жағынан болсын көркем саналатындықтан, адамдардың ақыл-
ой, мінез-құлық, эстетикалық және физикалық дамуына талпынтады. Бірақ 
құлиеленуші қоғам болғандықтан, физикалық бейнет тек құлдардың міндеті 
олып саналды. Афиналықтардың тәрбиелік жүйесінің жалпы бағыты – 
физикалық бейнет пен құлдарға жек көрініш сезімі болды. 
7 жасқа дейінгі барлық балалар отбасында тәрбиеленді, жиі Лакония 
асыраушыларының көмегімен жүргізілді. Балалардың физикалық дамуына 
көп көңіл бөлінді. Кішкене азаматшалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін, 
оларға ертегілер айтып, түрлі әдеби туындыларды оқып, олармен ойнады. 
Афиналықтар өмірімен музыка сабақтас болды. Олардың жақсы көретін 
музыкалық аспабы – лира болды, бұл аспапты өлең оқи отырып, ойнайды. 
Балаларды ерте жастан спорттық дайындықтарға, қозғалмалы-мерекелік 
тойларға және мейрамдарға апарып отырды. 
7 жастан ұл балалар түрлі мектептерге барды. 13-14 жасқа дейін олар 
грамматиста және кифариста мектептерінде оқыды (бір уақытта немесе 
бірінші грамматиста мектептерінде, кейін кифариста мектептерінде). 
Грамматиста мектептерінде мұғалім-дидаскалар балаларды оқуға, жазуға, 



санауға оқытты. Есепке саусақтар арқылы, тастардың көмегімен және есепті 
еске түсіріп отыратын арнайы есептік тақталар арқылы үйретті. Балалар жұқа 
таяқшалармен тақталарда жазды. Кифариста мектептерінде ұл балалар әдеби 
білім алды, мұнда олардың эстетикалық тәрбиесімен арнайы айналысты - ән 
айтуға, тақпақтауға және музыкалық аспаптарда ойнауға үйретті. 12 жастағы 
жеткіншектер физикалық жаттығулармен айналысатын палестраға да барып 
тұрды. Мұнда бес күрес түрін үйретті – жүгіру, күрес, секіру, нысана көздеу 
және т.б. 
Бай құлиеленушілер өздерінің ұлдарын әдебиет, философиялық білім 
беретін гимназияға берді. Бұл жерде сонымен бірге мемлекетті басқаруға 
дайындады. Халықтың ең құрметті азаматтары балалармен саясат және 
имандылық тақырыптарында әңгімелер жүргізді. Спартадағыдай 18 жастағы 
бозбалалар 2 жылдық әскери-физикалық дайындайтын эфибияға қатысты. 
Мұндай жан-жақты тәрбие мен білім тек ірі құлиеленушілердің балаларына 
ғана қолайлы болды. 
Афиналық әйелдердің өмірі отбасылық айналыммен шектелді және үйдің 
әйелдер жартысына – гинекеге келді.
Ежелгі Грециядағы қарапйым педагогикалық теорияның тууы. 
Педагогика философия ғылымының бір бөлігі ретінде дамыды және 
антикалық ойшылдардың: Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. 
білімі көрнекті орынды алды. 
Демокриттің педагогикалық көзқарастары. 
Демокрит ежелгі гректердің
философ-материалисті, атомистік теориясының негізін салушы болып 
табылады. Оның философиядан, математикадан, физикадан, биологиядан, 
медицина және психологиядан, өнерден және т.б. көптеген еңбектері белгілі. 
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ойлар тарихында 
маңызды орын алады. Өзінің атомистік теориясы негізінде Демокрит – 
тұлғалардың материалистік даму тұжырымдамасын жасады. Ол әлемді бір 
бірінен формасы, тәртібі мен жағдайына байланысты ерекшелейтін 
атомдардан тұратын материалды деп есептеді. Ағзалардың өмірі мен өлімі 
атомдардың бірігуі мен тарқауына әкеледі. Сонымен бірге рух та адамдардан 
тұрады және олардың уақыттық бірігулері бар. Демокрит рухтың мәнгі 
екенін дұрыс деп санамайды. 
Демокрит тұлғаның қалыптасуы оның табиғаты мен тәрбиесіне 
байланысты деп есептеді. Философтың осы тақырыпқа байланысты 
мазмұндамасынан үзінді: «Егер оқымаса, өнер мен ақылға қол жеткізе 
алмайды», «Көпшілік адамдар табиғатқа қарағанда, жаттығулардың 
көмегімен жақсы бола түседі», «Кей жағдайларда жас адамдарға ақыл 
дарыған, ал кәрілерге керісінше, осыған қарағанда, ақылды оқытатын уақыт 
емес, оған тиісті тәрбие мен табиғат».
Демокрит үлкендер ортасына көп көңіл бөлді («Әкенің жақсылығы – 
балаларына ең күшті құрал»). Құлиеленуші демократияның идеологиясы 
жақсы мінез-құлықты адам деп қоғам аясында парызы бойынша іс-әрекет 
жасайтын, қоғамдық және саяси өмірге қатысуға қабілетті адамды есептейді. 



Демокриттің бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларды ерте 
жастан тәрбиелеп бастауына талап қойылған. 
Демокриттің материалистік таным теориясында: білім бастамасы болып – 
түйсік жатады, ал шындық ақылмен алынады делінген. Ол ақыл-ойдың 
дамуына мәнерлі сөздермен түсінік береді: «Көптеген белгіштер 
шындығында ақылды емес». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет