Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі
Байланысты: 1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократиялан-emirsaba.org
11.6 Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия - консультативті кеңесші орган. ҚР Президентінің 1997 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен құрылған. Комиссия Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі конституциялық міндеттемелерін жүзеге асыруына, сондай-ақ осы мақсаттағы тетіктерді жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс. Комиссия адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету, қорғау жөнінде ҚР Президентінің атына және тікелей өзіне жолданған хат- хабарларды қарап, осыған орай жыл сайын арнаулы баяндамалар дайындайды, адам құқығын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасайды.
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (омбудсман) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне келтірілген адамдардың шағымдарын тексеретін тәуелсіз лауазымды тұлға болып табылады. Омбудсманның қызметке тек мемлекет басшысымен тағайындалып, осындай жолмен қызметінің тоқтатылуы, сондай-ақ омбудсман қызметінің толығымен республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуы оның тәуелсіздігінің негізгі кепілі болып табылады.