1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары



бет17/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127
12.Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды.Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.
Ұйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста — Саян жотасына дейін барды. Қырғыздардың көршілері батыс жақта қимақтар, солтүстік жақта — бома халқы, оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды. Қырғыздар Минуса ойпатында мейлінше жинақы мекендеді. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табанды күрестің нәтижесінде қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап женді. Ішкі Азия даласындағы бұл маңызды оқиға мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мәселен, Гардизи бұл жөнінде мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (кырғыздар) хақан халқына шабуыл жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді, семсермен турап, хақандықтардың бәрін қырып-жойды. Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-пан мен халлухтардың (қарлұқтардың) қолдарында қалды». Ұйғырлардың біразы Жоңғария — Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс Түркістанға және Ганьсудің батыс жағына қоныстанды, онда орталығы Тұрфан алқа- бында (847—1369 жылдар) және Ганьсуда (847—1036 жылдар) болған тәуелсіз мемлекет құрды.
Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұқ жабғуы пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан — Испиджаб билеушісі (Гардизи мәліметгері бойынша Илмалмасын — жабғу) өзінің бұрынғы атағы — жабғуды тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады, өйткені ол Орталык, Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет