1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық



бет63/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   127
62.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық.

63.1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
Мақалада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері талданылып, бұл көтеріліске Алаш қайраткерлерінің көзқарастары көрсетілген. Кейбір әдебиеттерде Алаш қайраткерлері бұл көтеріліске қарсы шықты, сатқындық жасады, патша өкіметін қолдады деген көзқарастардың дұрыс еместігіне талдау жасалынады. 1916 жылы көтеріліске Алаш қайраткерлерінің көзқарасына шынайы баға беріледі. Патша өкіметінің отарланған ұлт аймақтарында зорлық - зомбылықтары артты. Қазақстанның көптеген құнарлы жерлерін патша өкіметі тартып алып, қазақтар куштеп құнарсыз шел және шөлейт аудандарға көшірілді. Тартылып алынған жерлер патша шенеуініктеріне, дін басшыларына, қоныс аударған орыс шаруаларына үлестіріліп берілді.Көтеріліс туралы қазақ қауымының арасында бірыңғай көзқарас қалыптасқан жоқ. Ауылдың бай - феодалдары, әкімшілдігі негізінен патша жарлығын қолдап, оны іске асыруға шақырды, наразылық көрсетіп, күреске шыққан халықтың кедей шаруалары болды.Кеңес Одағы кезінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себептері дұрыс көрсетілген жоқ, олар әдейі, бұрмаланып, теріс баға беріліп келді. Тарихи деректерде бұл көтерілістің басты себебін патша өкіметінің 1916 жылғы 25 - маусымдағы Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халықтың азаматтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы жарлығы себеп болды деп делінді. Шындығында бұл жарлық көтерілістің негізгі себебі емес, көтерілістің басталуына түрткі болған сылтау еді. Көтерілістің негізгі себебі анағұрлым тереңде жатты. Мақала сол себептерді ашуға арналады.1914 жылы басталған I - і дүниежүзілік соғыс Ресей мен оның отарлаған ұлттың аймақтарында аса ауыр қайғы-қасіреттер әкелді. Саяси-әлеуметтік, экономикалық, ұлттық езгі күшейді. Патша өкіметінің отарланған ұлт аймақтарында зорлық- зомбылықтары артты. Қазақстанның көптеген құнарлы жерлерін патша өкіметі тартып алып, қазақтар күштеп құнарсызшөл және шөлейт аудандарға көшірілді. Тартылып алынған жерлер патша шенеуініктеріне, дін басшыларына, қоныс аударған орыс шаруаларына үлестіріліп берілді. Мысалы, тек Жетісу облысынан соғыстың алғашқы үш жылында 1800 мың десятина жер қазақтардан тартылып алынды. 1916 жылдың ортасына таман 45 миллион десятина жер қазақтардан тартылып алынды. Бұл жағдайлар қазақ халқын ауыр күйзеліске ұшыратып, патша өкіметіне деген наразылығын күшейтіп, өз азаттығы үшін көтеріліске шығуға итермеледі. Бұдан басқа дүниежүзілік соғыс азық-түлікті, шикізатты, малды, басқа материалдық байлыктарды азайтты. Қазақ халқының мойнына соғыс жылдарында көптеген ауыртпалықтар түсті: әрбір үйге жаңа соғыс салығын алу, міндетті түрде ет тапсыру, мемлекет керегіне мал алу (әсіресе соғыс керегіне жылқы алу), земстволық салымдар, бай - болыстарды бағып - қағуға арналған салымдар т.б. салықтардың мөлшерін арттырды. Сөйтіп, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтар халық бұқарасының қайыршылдығын, наразылығын арттырды. Жалпы алғанда соғыс бүкіл елдегі жалпы ұлттық дағдарысты шиеленістірді. Дағдарыстыңжарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды.Алаш қайраткері М.Тынышбаевтың пікірі бойынша, 1916 жылғы көтерілістің басты себебі, патшаның жергілікті халықтың ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы 25 - маусымдағы жарлығы емес, әлеуметтік және ұлттық езгінің бірінші дүниежүзілік соғыс барысында барынша күшейгендігі болғандығын көрсетеді. Қайраткердің пікірінше, 1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің басталуына түрткі ғана болғанын айтады. Бұл туралы ол Түркістан генерал - губернаторына жазған түсініктемесінде ашық көрсетеді. Ол ойын былайша жалғастырады. «Құнарлы жерді тартып алған соң, мал шаруашылығы құлдырады, жер өңдеу қысқартылды. 1907 - 1914 жыл арасындағы жеті жылда облыс қатты өзгеріске түсті..» - деп шындықты айтады Жоғарыда көрсетілгендей, көтерілістің басты себептерінің саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани мәні болды. Нақтылап айтқанда: отарлық езгінің күшеюі, халықты атақоныстан айыру, салықтар мен алымдардың шексіз өсуі, патша өкіметінің орыстандыру саясаты, саяси-рухани отарлау, соғысқа байланысты халықтың тұрмыс жағдайларының нашарлауы т.б.Бұл көтеріліс Қазақстанның түгелге жуық аймақтарын қамти отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында патшалық Ресейде қалыптасқан саяси - әлеуметтік шиеленістің, дағдарыстың бір көрінісі болуымен қатар, оның шет аймақтарындағы езілген халықтардың ұлттық және таптық сана сезімін оятып, өз бостандықтары үшін күреске даярлауда үлкен рөл атқарды.Жалпы алғанда патша өкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген отарлау және ұлт саясатының әсері тиді. Себебі Ресейдің бұл аймақтарға жүргізген саясаты тек жерін, шикізат ресурстарын алып қоюмен шектелген жоқ, оларды рухани мешеуліктен ұстауға тырысты. Бұл халықтарға астамшылық, кемсітушілік саясатын жүргізді. Тіпті оларды ұлтына қарай бөлмей, «бұратан халық», «түземдік халық», «Киргиз - Кайсак» деп атап, ойларына келгендерін жасады, олардың ұлттық тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жоюды көздеді. Бұл жағдайларда 1916 жылғы көтеріліске себебін тигізбей қойған жоқ.Көтерілістің тікелей басталуына патша өкіметінің 1916 жылғы 25 - маусымдағы Қазақстан мен Орта Азияның тұрақты халықтарын майданға қара жұмысқа алу туралы жарлығы сылтау болды. Жарлық бойынша бұл өңірлерден 19 бен 43 жастың арасындағы ер - азаматтар алынуға тиісті болды. Бұл алудың өзі алаланып жүргізілді. Әкім-байлардың балалары жастарын жасырып, пара беріп, майдан шебіндегі қара жұмысқа алу тізіміне ілікпей, ол тізімге тек кедейлердің балалары ілікті. Кей жағдайда тізімді толтыру үшін бай балаларының орнына жасы ұлғайтылып кедейлердің балаларын жазды. Бұл да қарапайым халықтың ашу - ызасын көбейтті, көтеріліске шығуына итермеледі. Көтерілістің кең таралған жерлері: Жетісу, Сыр-дария, Торғай, Ақтөбе өңірлері болды. Әсіресе, Торғай, Жетісу облыстарындағы көтеріліс бұқаралық сипат алып, басқа облыстармен салыстарғанда ұйымшылдықпен өтіп ұзаққа созылды.Алғашында стихиялық түрде басталған қозғалыс тамыз-қыркүйек айларында ұйымдасқан қарулы көтерілістерге ұласты. Көтерілісшілер «адамдарды бермейміз» деген ұранмен патша өкіметінің жергілікті өкілдеріне - болыстарға, жандармдарға, казактарға шабуыл жасап, оларды соққыға жықты, өлтірді, іс - қағаздары мен жұмысқа алынатындардың тізімін өртеді. Жоғарыда айтылған себеп - сылтауларға байланысты туған көтеріліс ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси тәуелсіздікке қол жеткізу еді. Көтерілістің негізгі қозғаушы кұші қазақ ауылының еңбекші шаруалары болды. Бірақ олармен қатар көтеріліске аздаған қоғамның басқа әлеуметтік топтары: байлар, билер, басқа ауыл атқамінерлері де қатысты. Қазақстанның оңтүстік облыстарында, қазақтан басқа мұсылман ұлттарыныңда өкілдері қатысты. Көтеріліс туралы қазақ қауымының арасында бірыңғай көзқарас қалыптасқан жоқ. Ауылдың бай-феодалдары, әкімшілдігі негізінен патша жарлығын қолдап, оны іске асыруға шақырды, наразылық көрсетіп, күреске шыққан халықтың кедей шаруалары болды.1916 жылғы көтеріліске Алаш қайраткерлерінің көзқарасы қандай болды? Дейтін мәселе төңірегінде әдебиеттер де теріс, сыңаржақ пікір қалыптасқандығы байқалады. Кейбір әдебиеттерде Алаш басшылары ұлт-азаттық қозғалысты қолдаған жоқ, оған сатқындық жасады деген пікірлер қалыптасты. Олардың көтерілісті қолдамағаны рас, бірақ ұлт мүддесіне сатқындықган емес, сол кездегі жағдайды ескеріп, ұлт мүддесін қорғағандығын көреміз. Олар қолдарында қаруы жоқ қазақ көтерісшілерін, патша әскерлері қанға бояп, басатындығын түсінді. Сондықтан қантөгіс болмас үшін, жарлықгың кейбір пункттерін халық мүддесіне сәйкестендіріп жеңілдете отырып, оны орындауға шақырды. Алаш басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т.б. «Қазақ» газетінің маусым, тамыз айларындағы нөмірлерінде бірнеше мақала жариялап, халықты жарлықгы орындауға қарсы шықпауға, өйтпеген жағдайда қантөгіс болатынына үгіттеді [2]. Мысалы, жоғарыдағы аталған Алаштың үш қайраткері «Қазақ» газетінде «Алаштың азаматы» деген мақала-хаттарында: «.Қазақ қарсылық қылса елге отряд шығады, отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады», - деп жазды 1916 жылғы көтеріліс туралы Алаш қайраткерлері үш жақтан сынға ұшырады. Бір жағынан, олар отарлық саясат жүргізіп отырған патша әкімшілігі тұрғысынан, екінші жағынан, жергілікті әкімшілік пен бай-феодалдар тұрғысынан, үшінші жағынан, большевиктік Кеңес үкіметі тұрғысынан. Осындай адамдардың бірі - F. Тоғжанов. Ол былай деп жазды. «1916 жыл келді. Қазақ бұқарасы мобилизациядан бас тарта бастады. Барлық облыстар мен уездерден қазақ халқының «көсемдері» Бөкейханов, Байтұрсынов және Дулатовқа телеграммалар жіберілді. Бәрі патшаға қарсы халық қозғалысын басқаруды сұрады, ақыл кеңес сұрады. Бірақ олар патшаға қарсы халық қозғалысына қарсы болды Алғашқы күндері күту позициясында болғанымен, кейін патша жағына шығып кетті» Осыған ұқсас пікірлер әртүрлі құжаттарда көптеп кездеседі. Соның кесірінен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстағы Алаш қайраткерлерінің рөлі төмендетіліп, олардың жұмыстарына біржақты бұрмаланған теріс баға беріліп келді.Алаш зиялылары жарлықты талқылау үшін Ақмола, Жетісу, Семей, Орал және Торғай облыстарының өкілдерінің кеңесін өткізуінің керек екендігін айтып, ол кеңесті 1916 жылдың 7 - тамызында Орынбор қаласында өткізді. Кеңесте патша жарлығын мүлтіксіз орындау емес, оны орындау мерзімін кешеуілдету, майданға алынғандардың отбасына мемлекет тарапынан жеңілдіктер беру т.б. жарлықты 42 қантөгіссіз бейбіт жолмен шешу мәселелері қарастырылды. Аталған кеңес шешімімен патша өкіметінің алдына 17 талап-тілектер қойды. Мысалы, тыл жұмыстарына шақыруды Қазақстанның солтүстік уездерінде 1917 жылғы 7 - қаңтарға дейін, ал оңтүстік уездерде - 1917 жылдың 15 - наурызға дейін қалдыру; майдан жұмыстарына бірінші кезекте қатарында үйленгендері аз 19 бен 31 жастың арасындағыларды шақыру; әрбір отбасына майдан жұмысына шақырылуға тиістілерден бір адамнан қалдыру; майданға алынған отбасыларына мемлекет тарапынан көмек көрсету т.б. [5]. Патша өкіметі бұл шешімді сөз жүзінде мойындап, іс жүзінде, қазақ ауылдарына жарлықты орындату үшін, жазалаушы отрядтар жібергені белгілі.1916 жылғы көтерілісті Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Ұзақ Саурықов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов сияқты қазақтың батыр ұлдары басқарып, азаттық жолында өз бастарын қатерге тікті. Өкінішке орай, бұл көтерілістің барлығы да жеңіліспен аяқталды, көтеріліс басшылары өлтіріліп, қудаланды.1916 жылдың көтерісшілерін 1917 жылдың қос төңкерісі және азамат соғысы күтіп тұрды. Бұл оқиғалар да қазақ халқына аз қасірет туғызған жоқ.Қорыта айтқанда, 1916 жылғы майданның қара жұмысына адамдар алу туралы патша жарлығына байланысты әр жерлердебасталған толқулар көп кешікпей қару күшімен басылды да, реквизиция жүзеге асырылып, майданның қара жұмысына адамдар жіберілді. 1916 жылы Қазақстан мен Орта Азиядағы көтеріліс осы ұлан-ғайыр жерді мекендеген жергілікті халықгардың көптен бері орын алған ұлт-азаттық күрестерінің заңды жалғасы, әрі шырқау шыңы болды. Соғыстың ауыртпашылығы, зорлықпен жергілікті халықтан жердің тартып алынуы, шаруашылықтың күйзелісі, патша жендеттері тұрғысынан тонаудың күшеюі т.б. жағдайлар халықтың шыдамын тауысты, ал патша жарлығы оған май құйды. Сөйтіп, ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына жағдай жасады.Бұратана халықтарды қараңғылықта ұстауға бағытталған, патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы шығып, көтерілісті шынайы ақиқат тұрғысынан жазуға ұмтылысы Алаш қайраткерлерінің саяси құрбан болуға әкелді. Халық санасының оянуына қозғаушы күш болған ұлт-азаттық қозғалыс ұлттық рухты сілкіндірді. Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздікке деген арманы қазір жүзеге асты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет