1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау



бет89/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

91.И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау.

20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.


Кеңес өкіметінің 1924 – 1953 жылдардағы басшысы, 15 Республикадан тұрған. Одақты жеке дара билеген Сталин қазақ халқына өте ауыр қасірет әкелгені тарихтан мәлім. Кезінде, Лениннің өзі Сталиннің кемшіліктері туралы «Өсиеттер» атты хаттарында жазған болатын. Сондай – ақ, Сталин жайлы Н.С.Хрущев ХХ съезде баяндама жасап, Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерлеп, былай деген болатын: «Біз Сталиннің тұсында орын алған, басқалардың пікірлерімен бүтіндей санаспау, оның нұсқауларына қайшы келетіндердің барлығына өзіне тән күдікшілікпен және қаталдықпен, дөрекі күшпен қысым жасаған тап осыған ұқсас әрекеттердің қандайының болса да қайта туу мүмкіндіктеріне жол бермеу үшін, бұл мәселені мұхият зерттеуге және дұрыс қорытындылауға тиіспіз…»
Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер – су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды.
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы немесе КОКП – Кеңес Социалистік Республикалар Одағында билігін жүргізген саяси партия.1920 жылдардың басынан бастап 1990 жылдың наурыз айына дейін партия (әртүрлі атаулар – РК(б)П, БК(б)П, КОКП) біржақты жүйе бойынша жұмыс істеді және елдегі тоталитарлық автократиялық режимді құруға ықпал еткен саяси билікте монополиялық құқыққа ие болды. Бұл мәртебе конституциялық тұрғыда бекітілген: 1936 жылғы Конституцияның 126-бабында Коммунистік партия мемлекеттік және қоғамдық жұмыскерлердің «басқару орталығы» деп жарияланды, ал 1977 жылы қабылданған КСРО-ның Конституциясында КОКП кеңестік қоғамның басқарушы және бастаушы күші деп жарияланды. 1990 жылы партияның саяси билікке жүргізген конституциялық монополиясы жойылды, алайда КСРО Конституциясында КОКП, тіпті, жаңа редакциясында басқа саяси партиялар арасында да бөлек айтылды.
1991 жылы 19-21 тамыздағы оқиғалар КОКП-ны антиконституциялық іс-әрекеттерге айыптауға негіз болды. РКФСР Президентінің 1991 жылғы 6 қарашадағы № 169 Жарлығымен КОКП және оның РКФСР КП республикалық ұйымы қызметін тоқтатты, ұйымдық құрылымдар таратылды, мүлік тәркіленді. Алайда, РФ-ның Конституциялық Соты 1992 жылғы 30 қарашада № 9-П сот бұйрығымен КОКП – РКФСР КП-ның бастапқы ұйымдарының қызметіне тыйым салуды конституциалық емес деп таниды. Іс-шаралар жалпыға бірдей ұйым мәртебесінің құлдырауына және жоғалуына байланысты тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет