Бүгінгі таңда бақ пен бкқ (бұқаралық коммуникация құралдары) үлкен билікке ие. Қазіргі заманда бақ-пен санаспау мүмкін емес



Дата14.06.2023
өлшемі13,85 Kb.
#101480
Байланысты:
эссе 2


Бүгінгі таңда БАҚ пен БКҚ (бұқаралық коммуникация құралдары) үлкен билікке ие. Қазіргі заманда БАҚ-пен санаспау мүмкін емес.
Ақпараттық қоғамның қалыптасуы тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарының даму перспективаларын қарай отырып, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың даму перспективаларын анықтауымыз қажет.
БАҚ күн сайын осы жерден туындайтын барлық салдарымен саяси коммуникацияның негізгі ортасы болып келеді. Я.Засурский енгізген «саясатты медиатизациялау» термині саяси өмір бұқаралық ақпарат құралдарының символдық кеңістігіне ауысатын процесті білдіреді. Ол, атап айтқанда, бұқаралық саясат нормалары ретінде БАҚ-тың жұмыс режимінің маңыздылығын түсіну үшін масс-медиадағы ақпаратты жинау мен пайымдау ішкі технологияларын талдауға назар аудару қажет екенін айтады.
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары – ақпараттық саясатты іске асыру және одан әрі дамыту құралы. Азаматтардың мемлекеттік және аймақтық билік органдарының ақпаратына қол жеткізу еркіндігі туралы заңды билік аппаратының жауаптылығы айқын көрсетілген шаралармен қолдануға тырысу, сонымен қатар оның сәтті жүзеге асуы үшін, бірінші кезекте, мемлекеттік билік органдарының БАҚ-қа әсер ету проблемасын шешу керек. Содан кейін ақпаратты дегуманизациялау процесін тоқтату жөн.
Ақпарат өзімен-өзі қоғамдық маңызы бар екенін анықтауға бағытталға күрестің объектісіне айналып жатыр. Бүгінгі таңда бұл күресте өз пікірлері мен пайымдаулары болғандықтан, БАҚ-тың өзі билік ете бастайды. Кем дегенде, журналистердің өзі «жаңалықтар» дегеннің не екенін жақсы біледі.
Құбылыстардың өзара байланысы жүйе құратыны белгілі. Ақпараттық процесс те жүйе болып табылады. Осылайша, ақпараттық мәселелерді зерттеуші Ю.Шерковиннің пікірінше, әрбір ақпараттық процесс – бұл құрылымдық, сондай-ақ функционалдық, бір коммуникациялық тізбекке бірнеше жүйелерді қосу. Өз мәні бойынша «жүйе» ұғымы ақпараттық процестің әртүрлі өлшемдеріне қолданылуы мүмкін. Жеке ғылыми зерттеулерде көрсетілгендей, сыртқы және ішкі саяси насихат жүйесінің негіз қалаушы байланыстары мынадай формула бойынша талдануы тиіс: БАҚ иесі (коммуникатор) – әлеуметтік тапсырыс – аудиторияға бағыттылығы.
БАҚ иесі (коммуникатор) – бұқаралық коммуникация жүйесіндегі бірінші және бағыттаушы буын. Мемлекеттік ақпараттық саясат жағдайында коммуникатор рөлінде мемлекет болады. Мұндай тәжірибе барлық жерде қолданылады.
Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі медиақұрылым. Онда мерзімді баспасөз ерекше орын алады. Рас, мерзімді баспасөздің ұстанымы әрқашан республикадағы қоғамдық-саяси жағдайға байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет