1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі



бет2/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

2.Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Қазақстан тарихы Жұмабаев Б 7-11
Адамның даму тарихы - күрделі және қарама- қайшы көзқарастармен сипатталады.Приматтар эволюциясы сүтқоректі жануарлардан басқа отрядтары сияқты, шамамен, бұдан 60 млн жыл бұрын басталған үштік кезеңде өтті. Үштік кезеңнің екекінші жартысында кең таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы - дриопитектер екі эволюциялық бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр - Саналы адам жатады.
Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте қалай дамығанын зерделеу қиын: қазба қалдықтар өте аз және оладың өзі толық емес. Сондықтан гоминидтер эволюциясының әр түрлі нұсқалары бар.
Рамапитектер-Бірқатар ғалымдар бідің ғаламшарымызда 14 млн жыл бұрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен.
Аустралопитектер-Олардын көптеген қазба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына қарағандаадамға едәуір дәрежеде көбірек ұқсас болған. Олар тік жүрген, беті жалпақтау, миының көлемі орташа 530 см3 болған.
Тік жүретін адам-Ежелгі адамдардың қазба қалдықтары Азия, Еуропа және Африкадан табылған.Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар бұдан 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен.Тік жүретін адамдардың негізгі эволюциялық жетістігі - тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.
Неандертальдықтар-Бұл ертедегі адамдардың қазба қалдықтары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300 - 400 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Ғалымдар осы заманғы алғашқы адамдар, шамамен, 40 мың жыл бұрын пайда болған деп жорамалдайды. Олар неандертальдықтардың арасында өмір сүрген.
Кроманьондықтар-Осы заманғы типті адамдар кроманьондықтар деп аталады. Соңғы 40 мың жыл ішінде адамның сыртқы кейпі аса өзгерген жоқ деуге болады. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет