1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих



бет14/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

10. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты.
Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді.Арыстың сол жағалауында 100 шаршы шақырым аумақта 20 шақты төбе жатыр.Соның бірі – Көк-Мардан қаласының орны. Бұл жерден табылған үй балшықтан соғылып, пешпен жылытылған. Үйдің екінші бөлмесі – қоймада құмандар және тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған балшық кеспектер орналасқан. Ошақ қасынан дәнүккіштер мен диірмен табылды.Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген.Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстар тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет