1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет16/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
30.Ноғай ордасының саяси тарихы
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал,
Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.
“Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ. 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған.
31.Сібір хандығының саяси тарихы (XV ғ. соңы – XVI ғ.).
Сібір хандығы (патшалығы) (сіб. тат. Себер ханлыгы, Себер йорты, орыс. Сибирское царство, Сибирский юрт) — XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін.Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет