1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы



бет17/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
32.Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.
Таңбасы тасқа түскен тарихи кезеңнен қаламмен қағазға өрнектеген заман келбетіне ауысқан Алтын Орда – жаңа дәуір. Өйткені түркі халықтарының жартылай отырықшылыққа бейімделіп, қала мәдениеті мен дала мәдениеті қатар дамыған шақ. Ғылым-білім кеңінен жайылып, әдебиет пен мәдениет көтеріле түскен, өркениетті қоғамның негізі осы дәуірде қалана бастады. Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи роман-­трилогиясын оқыған оқырман сол кездің келбетін, замана сипатын, дәуір бағдарын түсіне алса керек-ті. Көшпелі ғұмыр салтынан жартылай отырықшы қалыпқа бейімделу қала мәдениетін қалыптастырып, дала өркениетін өсіре түсті. Сәні мен салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-Бату сынды астаналардың қалануы, Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың қалдырған әдеби мұралары – бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән. Сауда-саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргені белгілі. Бұл турасында Ұлы Жібек Жолы туралы айтпасақ та түсінікті. Ал Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа ­айналдырды. Әсіресе, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты қала-кенттерде сауда мен қолөнер өркендеп, ғылым, мәдениет, әдебиет, көркемөнер дамыды. Мысалы, 1357 жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдеби шығармасы «Наһжи ұл фарадис» кітабын жазды.
33.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері. Қазақ халқының құрылуы халықтар қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінің ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған монғол ұлыстарының, Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдық қатынастардың баяу дамуы әсерін тигізді. Халықтың құрылуына XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың қайта өрлеуі, көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың өзара әсері, монғол үстемдігіне дейінгі және олардан кейінгі көптеген тайпалардың тілдерінің сабақтастығы ықпал етті. Қазақ халқының негізгі этникалық топтары мен этникалық аймағының XV ғ. 2-жартысы мен XVI ғ. мемлекет болып бірігуі халықтың шоғырлану үрдісінің аяқталуын тездетті. Нәтижесінде қыпшақ, өзбек, өзбек-қазақ, қазақ деген жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы «қазақтар» деген этникалық атау орнықты.
«Қазақ» этнонимі туралы. «Қазақ» терминінің шығуы туралы көзқарастар ауқымы кең, ғылыми болжамдардан бастап қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. «Қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. ІХ-Х ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қоғамында «қазақ» атауы әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарды білдірді. Монғолдарға дейінгі уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы тұжырымдарды жасамаған жөн.

«Қазақ» — түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі – Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. Хоутсм Нидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет