1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Моғолстанның саяси тарихы (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы)



бет15/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
28.Моғолстанның саяси тарихы (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).
14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.
29.Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
.Әбілқайыр хан (1412 жыл – 1468 жыл) — өзбек ханы. Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузург хан, Хазірет Бузург хан деп айтыла береді.Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұт-Қожа ханды талқандады. 30 – 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмет хан мен Махмұт хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (Әбілқайыр хандығы). Әбілхайыр ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Әбілхайыр ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж.

Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—59 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке Қазақ хандығын құрды (Жәнібек хан және Керей хан). Қазақ хандығының күшейе түсуінен қауіптенген Әбілхайыр хан 1468 ж. Моғолстанға жорық ұйымдастырды. Бұл — оның ең соңғы жорығы еді. Әбілхайыр ханның он бір ұлы болды.


XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілқайыр Мауеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілқайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілқайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілқайырдың Үз-Темір тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілқайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет