73.Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы 1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
Әкімшілік бөлінісіӨңдеу
1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері берілді.
1921 жылдың 10 маусымындағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір арасындағы шекара Омбы губерниясының Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл станциясынан шығысқа қарай Петропавл уезінің шекарасы бойымен, одан әрі солтүстікте Кіші Қараой, Үлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарының оңтүстік шекараларына бойлай және Ертістегі Шерлақ станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, Котельниковск орыс болыстары Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген.
1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбы губерниясы Омбы уезіндегі Сібір мен Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды.