1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор



бет55/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

76. Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. 1941-1945 ж 25 кеніштер, шахталар, карьерлер, 11 байыту фабрикалары іскее қосылды. Ақмола-Қарталы, Гурьев- Қандыағаш-Орск, Жамбыл-Шолақтау, Талдықорған-Текелі. Шымкетн теміржол торабының жастары “Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап берді. 1942 ж 45 “Қазақстан комсомолы” деген жазуы бар жауынгерлік машина Сталинград майданының жауынгерлеріне табыс етілді. Оқушылар «Қазақстан пионері” қорына 4 млн сом өткізді. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенттері «Кеңес студенті» танк колоннасын жасауға 600 мың сом ақша аударды.«Қазақстан комсомлы» жойғыш ұшақ эскадриясын жасақтау үшін республика жастары 3 млн сом қаржы жинады. Алматы жастары 400 мың сом акша жинап С. Луганскийге жаңа ұшақты табыс етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет