1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы



бет57/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы

Экономика

Қоғамдық өмір

Прогресшіл бастамалар

  • демократияландыру үрдісі

  • «Хрущевтік жылымың»

  • өнеркәсіпті қарқынды түрде дамытутың және тыңайған жерлерді игеру әскери-өнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету

  • әскери блоктар кұру, шағын соғыстар |

  • жазықсыз жазаға үшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді

  • репрессияға ұшыраған халықтар қүкы қалпына келтірілмеді

  • «жоғарыдан - төменге» басқару әдісі сақталды

  • басқаша ойлайтындар айыпқа тартылды |

  • Сталиннің жеке басына табыну айыпталды

  • 1954-1956 жылдары республикаларға аздаған жеңілдіктер жасалды

  • тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі басталды



1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының арасындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ ұлты елдің 85%-ы еді. Бұл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктерінің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
78. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.1947 жылғы 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. Соғыс бітісімен еліміз өткеннің қарымын қайтаруды бастады: біртіндеп мектептерге қаржы бөлініп, оларды техникалық құрал-жабдықтармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету басталды. Политехникалық білім құнды болып, оның алғашқы бастаулары мектеп қабырғасында беріле бастады.
Білім беру саласына бөлінген зейін өз жемістерін бере бастады: егер 1948 жылы мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады. 1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет