75. Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысы (1941-45) – совет халқының КСРО территориясын уақытша басып алған фашист басқыншаларына қарсы күресі. БК(б)П ОК партизан қозғалысына бағыт беріп, жау тылында жұмыс істеуші жергілікті партия ұйымдарына басшылық етті. Партияның ОК мен КСРО Халкомсовы 1941 ж. 29 маусымдағы Қарарында және БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың, астыртын жұмысын жүргізудің бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 ж. күзінде жау басып алған жерлерде партияның 10 астыртын облыстық, 260 округтық, қалалық, аудандың комитеті, ал 1943 ж. 24 астыртын облыстық, 370-тен аса округтық, қалалық, аудандық комитеттері, 2 мыңға жуық астыртын комсомол ұйымы, комсомолдың 12 облыстық, 280-нен аса аудандық, қалалық комитеттері жұмыс істеді.Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерден құралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында зор рөл атқарды. Партизан қозғалысының бүкіл халықтық, ц. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды.Ұлы Отан соғысының батырлары: Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, И. Панфилов, Т. Тохтаров, Ж. Елеусізов, М. Ғабдуллин, Р. Елебаев, Т. Елебеков, Р. Жанғозин, Б. Бейсекбаев, С. Баймағамбетов, Қ. Аухадиев, С. Луганский, Л. Беда, И. Павлов, Н. Әбдіров, Д. Шыныбеков, Ғ. Сафиуллин, Т. Мырзаев, І. Айтықов, Қ. Сыпатаев, Т. Позолотин, А. Егоров, З. Хұсайынов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Қ. Мәденов және т.б.
1)Бауыржан Момышұлы - (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
2) Кеңес Одағының Батыры, әскери қайраткер, Иван Васильевич Панфилов 1893 жылы Ресейдің Саратов облысындағы Петровск қаласында дүниеге келген. И.В. Панфилов бірінші дүниежүзілік соғысқа, 1918 - 20 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды. 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1942 жылы 12 сәуірде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
3) Тоқтаров Төлеген - Кеңес Одағының батыры атағын Мәскеу үшін шайқаста қаза тапқаннан кейін берілді. 1942 жылы 9 ақпанда Ресейдің Мәскеу облысы Бородино селосында қайтыс болған. Екінші дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның Отан үшін газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Ол неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған болатын. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино селосына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино селосы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді.
4)Бақтыораз Бейсекбаев - ұшқыш-радист, А.Маслов пен Н.Гастелло басқарған экипаждарының құрамында болған, Халық Қаһарманы атағын алған еді. Ол қазақстандықтар арасынан бірінші болып жанған ұшағын жау тобына бағыттап, осылай ерлігін танытты. 1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі ұрыстан аман қалған ұшақтарының бәрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бұл ұшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкесінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі.
5)Екі мәрте Кеңес одағының Батыры атағын алған ұшқыштар: Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский