35. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.). Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты. Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен . 1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті. Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіру жолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығымен тікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеу билеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси өмірде өте танымал болады. Бұхар ханы IIАбдаллахпен дос болып,өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт»жасасқан.Хақназар ханның дипломатиялық шарасы халық құптаған тиімді шарасы болған.Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап,сауда-саттық қатынасы ұлғаяды.Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей бастайды. Хақназар хан билігі кезінде Қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара бастады.1569-1573 жылдары орыс елшісі Семен Мальцев пен Чебуков қазақ хандығына елшілік болып келген.Екі мемлекет елшілер арқылы сауда байланыс қатынастарын орнатады.Себебі Хақназар хан Ресеймен қарым-қатынас жасауда өз әкесі Қасым ханның жолын ұстанған.