1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихы



бет24/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

37. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихы. Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 - 1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй - іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық - қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты. Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз- Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», – деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан (1680-1715) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтан дырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыстартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтармейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жыл ол Бұқар хандығының елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік , достық қарым-қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде 1694 жылы Қазан айында жаздыртқан хаты бізге дейін сақталған. Ол кезде Қазақ хандығының көршілерінен терезесі тең мемлекет болғанын көре аламыз. Тәуке ханның заманында сынақ саясатқа сәйкес тыныштық пен бейбітшілік орын алды, дегенменен жаугершілік заманында, ел басына күн туған сәттеріне ол өзінің ол басшылық даңқы мен батырлығын таныта білді. 1689жылы және 1702 жылдардағы ойрат жоңғарларға жасаған жорықтары, содан кейін 1711,1712, 1714 жылдардағы жоңғарлардың қазақ даласына үш рет баса көктеп кірулерін тоқтату арқылы ол кісі көшпенділер данасында Батырхан атағына ие болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет