1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады



бет52/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
71. Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығымен айналысатын аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуы тиіс еді. Онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, тек жеке мал мен құрал-жабдықтарды пайдалануға ақы төленуі керек болды. 1928 жылы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауылшаруашылығы коммунасы, 1215-і ауылшаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестігі еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық І съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытына жол ашып, ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылық ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды. Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин кірді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда «Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қазақ халқының басым бөлігі 20-ғасырға дейін ауылда өмір сүрді. Қазақ экономикасы да, тұрмысы да, ауылшаруашылығына негізделді. Қазақ мәдениеті де ауылдың мәдениеті (әрине, жақсы мағынада) болды. Күштеп отырғызу барысында қазақ ауылымен бірге, қазақтың салт-дәстүрі, төл мәдениеті, ділі сынып, қазақ ұлт ретінде жойылуға шақ қалды. Орталықпен (Мәскеу) Қазақстан ұжымдастару науқаны 1932 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс аудандар тобына жатқызылды. Ал республикалық партиялық және кеңестік органдарда ұжымдастыруды осы қысқа мерзімнен бұрын аяқтау міндеті алға қойылды. Нәтижесінде жергілікті кеңесті функционерлер пайыздық көрсеткіштер ауруына шалдығып, аудандар, округтер, ұжымшаруашылықтары бір-бірімен жарысқа түсіп, жергілікті газеттер «еңбек майданындағы» кезекті рекордтарды жариялауға үлгере алмай жатты. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық жеке шаруашылықтардың 2% ғана ұжымдастырудан өтсе, 1930 жылдың сәуір айында 50,5%, ал 1931 жылдың қазан айында шамамен 65% ұжымдастырылды. 1931 жылдың күзіне қарай 122 аудандардың 78 ауданы ұжымдастырудан өтті. Ұжымдастыру барысында бай-кулактарды кәмпескелеудің нақты көлемін анықтау қиынға соғады. Бізге тек 1930-1931 жылдар аралағында Қазақстаннан шеткері аймақтарға жер аударылған адамдардың саны 6765 жеткен белгілі. Сонымен бірге өзге аймақтардан Қазақстанға 180 015 жер аударылды. Кәмпескелеу идеологиясы таптық күресті қолдан жандандырып, саяси қуғын-сүргін нәубітіне ұласты. 1932 жылдың 7 тамызында «Мемлекеттік кәсіпорындар, ұжымшарлар мен кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту жөнінде» заң шықты. Бұл заң идеологиялық қарсыластарды жазалауға бағытталған нағыз антиконституциялық заң еді. Наразы болған немесе бидай қаптарын тапсыра алмаған адамдар 10 жылға сотталып, барлық мүлкісі тәркіленетін болды. Осы заң қолданысқа енген жылында-ақ Қазақстанда 33 345 адам сотталды. 1929 -1932 жылдар аралығында Қазақстанда ОГПУ үштігімен 9805 қарастырылып, 22933 адам сотталып, олардың 3386 адамы ату жазасына кесілді. Бұл тарихи оқиғалар Қазақстан тарихының трагедияға толы беттерінің бірі болып табылады. Бұл тарихи науқан адамдардың тағдырына, дәуір адымына өз өшпес таңбасын қойды. Еліміз өзінің баянды Тәуелсіздігін қолға жеткізіп, алға, ілгері қадам басып жатқан кезеңде, өткенде орын алған барлық оқиғаларды тарих таразысына салып, ардақ етіп, құрмет тұту өмірлік парыз болып табылады. Өйткені «өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді атам қазақ. Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарда ғана емес малшаруашылығымен айналысатын аудандарда да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді.
72. 1932-1933 жылдар аралыгында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің уштігі толык емес деректер бойынша 9805 іс карап, 22933 адам жөнінде шешім кабылдаган. Солардын ішінде 3386 адамға ен ауыр жаза-ату, 13151 адама 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялык лагерьге камау жөнінде укім шыгарылды. Уштіктін хаттамалары Казак өлкелік партия комитетінін жабык мажілістерінде каралып,оларга хатшылардын бірі- Ф.Голощекин, І.Курамысов, ал 1930 жылиы 9 наурыздан бастап, БК(б)П Казак өлкелік комитетінін өкілі Г.Рошаль кол койып отырды. Ашаршылыктын демографиялык салдары, халыктын киын тагдыры Казакстандагы 1932-1933 жылдарданы ашаршылык салдарынан болган адам шырыны туралы мәселені казіргі заманны тарихнама әр турлі кырынан багалайды. Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау ушін бірінші және екінші букілодактык халык санагы (тисінше 1926 жылы 17 желтоксанда жане 1939 жылы 15 кантардажургізілді деректері бірден-бір кужат кезі болып табылады. Олардың арасында кашыктык толык 12 жыл жане бір айды курайды халыктын кемуі нак осы санактараралыгындагы кезенде өтті. Егер адамдардын демографиялык кемуінін шыны 1932-1933 жылдардын кысына тура келетінін ескерсек, тисінше халык санынын галамат кыскаруы бірінші санак откеннен кейінгі шамамен онын алтыншы жылында және екінші санактын нак осындай жылында болган. Баскаша айтканда, кайтылы окиганын шыны екі санактын дал ортасына келеді,бул есепті жан-жакты карастыруга мумкіндік берді. 1926 жылкы бірінші санак корытындысына сейкес, КазакАКСР-і аумагында 3 млн 628 мын тургылыкты халык мекендеді. Бірак 12 жыл откеннен кейін 1939 жылы халык санынын 1 млн 321 мын адама, ягни жинактап айтканда 36,7%-ға азайганы тіркелген. Деректер тургысынан есептесек, сол зулмат жылдары Казакстан - өзінін тургылыкты халкынын орны толмас көп бөлігінен, атап айтканда 2 миллиона жуык адамынан айырылган. Казак халкы шаруашылыны есеп (Казнархозучет) баскармасы М. Соматовтын журтка мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдын 14 кантары) Казакстаннын ауыл тургындары 1930 жылдын 1 шілдесінен 1933 жылдын 1б маусымы аралыгында 3,4 млн адамға кеміп, ал кала тургындары 766,8 мын адамға өскен. Малімдеме хатта осы екі аралыктағы кайтыс болгандарб айырмашылығы (263,3 мын адам) аштык, індет,жер аудару курбандары көрсетілмейді. Осыдан келіп тархшы- демографтар мынадай корытынды шығарады, демек аштыктын жане сонымен байланысты аурулардын салдарынан атлан жылдарда республиканын букіл турылыкты халкынын 1 млн 750 мыны немесе 42 % -ы курбан болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет