1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту



бет14/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

18. Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленген. 1979 жылы Қазақстанның Целиноград облысының аумағынан неміс автономиясын ашу жөніндегі идеяны жүзеге асырудың барлық алғышарттары пісіп-жетіліп келіп тұрды. Осыған сәйкес, жаңа құрылым құрудың барлық қажетті құжаттары дайын еді. Алайда ең соңғы шешуші сәтте Кремль жоспарының тас-талқаны шықты.


19.1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, барысы, салдары және тарихи маңызы.
Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 16 – 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1 -ші хатшысы Г.В. Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі Істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын -86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып-жаншылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет