1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»



бет17/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

38-Сұрақ. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. 
Тылдағылардың майданға көмегі, майдангерлердің жағдайын жақсартып қоймай, сонымен қатар олардың әскери жігерін көтерді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майданның бір арсеналы болды. Мұнда қарағанды көміршілері жігерлі жұмыс атқарды. Республика өзімен бірге басқарушы ролын сақтап қалды. өндірісте мыс 38 процент, қорғасын 85 процент 1941-45 жж. Барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жағдайлары тез өзгерді. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға өз еркінше көмек беру кең көлемде жүргізілді. Майдан қорына 1943 жылы қазан айында 185,5 млн. сом және 193,6 млн сом шамасындағы облигацияға жетті. Ақтөбе облысы Нурманов совхозында Ш.Берсиев 1 га 202 ц астық алса, қызылорда облысы Шиелі ауданы Авангард совхозында Ы.Жақаев 1 га 172 ц. күріш алды. Қаскелең ауданы 3 интернационал совхозында Мұхамедиева 1 га 600 ц. қант қызылшасын алды. Мал шаруашылығындағы шопандар да еңбегін аяған жоқ. Ж.Мұхашев Жезқазған облысы Амангельді совхозының шопаны 100 қойға 180 қозы асырады. Гурьев облысы Жаңаталап колхозында Шугампова 1 мың жылқыны шығынсыз алып шықты. Қазақтаннан қару жарақ үшін 480 мың сом келді. Соғыстың алғашқы қысында көмектің негізгісі жылы киімдер болды. Республикадағы ұлттардын 2,5 млн. жылы заттар, сонымен бірге 11,5 мың жылы тон және 312 мың пар шұлық келді.
Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған еңбектер түсірілген фильмдер де жеткілікті бірақ әлі де болса жазылатыны да көп. Екінші дүние жүзілік соғыстағы Кеңес халқының жеңісі бүкіл әлемдік тарихта маңызы бар. Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет